09.11.2015, 13:40 4145

Табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар нан бағасы қымбаттаған жағдайда әлеуметтік көмек ала алады - ҚР ДСИДМ

Қазақстанда нанныӊ бағасы қымбаттаған жағдайда еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ көлемі өзгеретін болады, бұл атаулы әлеуметтік көмек (АИК) алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда нанныӊ бағасы қымбаттаған жағдайда еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ көлемі өзгеретін болады, бұл атаулы әлеуметтік көмек (АИК) алушылар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Хабарламада айтылғандай, нан бағасыныӊ қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деӊгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдау "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" ҚР Заӊына сәйкес жүзеге асырылады. АИК жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы әрбір отбасына шаққандағы есеппен белгіленген кедейлік шегі айырмашылығыныӊ ақшалай нысанында беріледі (еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ 40%).

ҚР ДСИДМ мәліметінше, 2015 жылдыӊ 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, АИК-ні табысы кедейлік шегінен төмен 34,7 мыӊ азамат алып отыр, АИК-ніӊ бір адамға шаққандағы көлемі орта есеппен 2407 теӊгені құрайды. Өткен жылғы сәйкес кезеӊмен салыстырғанда АИК алушылардыӊ саны 32,2%-ге қысқарды, сәйкесінше, АИК-іӊ жалпы төлем көлемі 967,6 млн теӊгеден 752,5 млн теӊгеге дейін азайды.

"Ағымдағы жылдыӊ 9 айыныӊ қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақымен 519 293 адам қамтылды, оныӊ жалпы көлемі 7 млрд 643 млн теӊге. 2014 жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда балаларға берілетін жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ға қысқарды", - деп мәлімдейді ведомствода.

Сонымен қатар, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарыныӊ 84-қадамын іске асыру шеӊберінде ҚР ДСИДМ "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊ актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заӊын әзірлеп, оны Парламент мақұлдады.

Аталған Заӊ 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап табысы еӊ төменгі күнкөріс деӊгейініӊ (бүгінде - 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерініӊ міндетті түрде қазіргі таӊдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АИК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудіӊ жаӊа тәртіптерін енгізуді қарастырады: көп балалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ); аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы; аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.

АИК жаӊа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді: шартсыз ақшалай көмек құрамында еӊбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еӊбекке жарамды мүшелері еӊбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Шартты ақшалай көмек құрамында еӊбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасыныӊ барлық еӊбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Естеріӊізге сала кетейік, еӊ төмен күнкөріс деӊгейі - бұл еӊ төмен тұтыну себетініӊ құнына теӊ келетін, бір адамға қажетті еӊ төмен ақшалай кіріс. Еӊ төмен күнкөріс деӊгейініӊ көлемін азық-түлік себетініӊ азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардыӊ бекітілген үлесіне ұлғайтылған бағасына қарай мемлекеттік статистика жөніндегі уәкілетті орган есептейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны