13.01.2009, 16:07 2664

Таяу болашақта Қазақстанда инфляциялық қысым өспейді деп күтілуде - Сәйденов

Таяу болашақта Қазақстанда инфляциялық қысым өспейді деп күтілуде - Сәйденов

Астана. 13 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таяу болашақта Қазақстанда инфляциялық қысым өспейді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Инуар Сәйденов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Инфляцияны тежеуге қосымша шаралар қолдану талап етілмейді, өйткені, таяу болашақта Қазақстанда инфляциялық қысым өспейді деп күтілуде", - деді И. Сәйденов.

Осыған байланысты ол Ұлттық банктің 2009 және 2010 жылдарға арналған басты мақсаты - елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ деп атап өтті.

"Бұл міндет ақша-қарыз саясатын жұмсартуды меңзейді. Біз банктерге қысқа мерзімді қолма-қол ақша беру саясатын одан әрі жалғастырамыз, кепілдіктің тізімін одан әрі кеңейту, кепілсіз несие беру және банктерде Ұлттық банктің және активтерін өзіміз басқаратын ұйымдардың депозиттерін орналастыру мәселелерін қарастыратын боламыз", - деді банк басшысы.

"Кепілдік берілген міндеттемелер жүйесін жасап енгізу олардың арасындағы сенімсіздік дәрежесін төмендетуге, банкаралық нарық арқылы ресурстарды тарату және қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығындағы операцияларға қол жеткізуді іске асыруғк септігін тигізеді", - деді И. Сәйденов.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің ақша ұсынысының көлемін ұлғайтуға ниеті жоқ.

"Екінші деңгейлі банктердің операцияларының көлемі әр банктің жеке капиталы көлемінің 50%-ыанн аспайды", - деді Ұлттық банк басшысы.

"Сонымен бірге, дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру іс-шараларының жоспары аясында Ұлттық банк өз күш-жігерін төлем балансын бағалау мен оған мониторинг жүргізуге, Ұлттық қордан несие алуға қолдау көрсетуге және мүдделі жақтардың сауда-саттығы жөніндегі ақпараттардың ашықтығын арттыруға, сондай-ақ, акционерлік қоғамдардың қаржылық есебінің ашықтығын көтеруге бағыттайтын болады. Аталған барлық бағыттар бойынша Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарының мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен ықпалдастық орнатады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны