08.06.2009, 13:12 1441

Таяу уақыттарда "БТА Банктің" шетелдерге шығарылған активтерін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі жария етіледі - Келімбетов

Таяу уақыттарда "БТА Банктің" шетелдерге шығарылған активтерін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі жария етіледі - Келімбетов

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Таяу уақыттарда "БТА Банктің" шетелдерге шығарылған активтерін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі жария етіледі. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов бүгін дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асырылуы бойынша өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"БТА" банктің бұған дейінгі басшылығының лауазымдық өкілеттілігін үлкен көлемде теріс пайдалану оқиғалары анықталғандықтан, біз активтерді қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деді қор басшысы.

"Біз Ресейде, Украина мен Ұлыбританияда тиісті компанияларды жалға алып жұмыс істеп жатырмыз, олар таяу уақыттарда шетелдерге шығарылған активтерді қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесін жария етеді", - деді Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны