04.05.2014, 19:14 8403

Такехико Накао АДБ жұмысының 7 стратегиялық басымдығын атады

Бүгін "Қазақстан" ОКЗ өткен АДБ 47-інші Жыл сайынғы отырысының ашылу салтанатында АДБ президенті Такехико Накао Азия даму банкінің алдағы жылдарға арналған 7 стратегиялық басымдығы туралы айтып берді.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін "Қазақстан" ОКЗ өткен АДБ 47-інші Жыл сайынғы отырысының ашылу салтанатында АДБ президенті Такехико Накао Азия даму банкінің алдағы жылдарға арналған 7 стратегиялық басымдығы туралы айтып берді.

Біріншісі, инклюзивті өсім.

"Біз өз қызметімізді білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және инклюзивті кәсіпкерлік салаларында кеңейтіп, дамытатын боламыз. Гендерлік саясатқа да көңіл бөлеміз. Сонымен қатар, қиын жағдайға душар болған мемлекеттерге инвестиция тарту жұмыстарын арттырамыз", - деп бірінші басымдық туралы Т. Накао ағынан жарылды.

Екіншіден, климаттың өзгеруі және табиғи апаттар тәуекелін басқару.

"АДБ табиғи апаттардың әсерін төмендету және одан кеңін бейімделу жұмыстарына көбірек ден қоямыз. Болашақта АДБ табиғи апаттарды алдын алу және оларды басқаруға стратегиялық тұрғыдан қарайтын болады",- деп АДБ Президенті түсіндіріп өтті.

Үшіншісі аймақтық ынтымақтастық және интеграция.

"АДБ кедендік процедураларды жеңілдету арқылы сауда-саттық жүргізуді ынталандырады. Сонымен қатар, банк аймақтық қаржылай интеграцияға демеу көрсетеді", - деп ол атап өтті.

Т. Накао сөзіне сенсек, төртінші бағыт бойынша инфрақұрылымдар салынса, бесіншіден табыс көлемі орташа болып келетін елдерде өнімділілік арттырылатын болады. Ал, алтыншы бағыт бойынша жеке сектордың дамуына, жетінші бағыт бойынша білімді таратуға көбірек көңіл бөлінетін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны