05.07.2008, 15:56 3301

Talco өзінің акцияларының бақылау пакетін сату туралы келіссөздер жүргізгенін жоққа шығарды

Talco өзінің акцияларының бақылау пакетін сату туралы келіссөздер жүргізгенін жоққа шығарды

Душанбе. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік алюминий компаниясы (Tajik Aluminium Company, Talco) өз акцияларының бақылау пакетін Үндістанның алюминий өндіруші Nalco компаниясына сату мүмкіндігі жөніндегі ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетсек, 3 шілде күні The Financial Express газеті Nalco компаниясының Тәжік алюминий компаниясының 51 пайызын сатып алу ниеті жөнінде және Nalco компаниясының мәмілені жүзеге асыру мүмкіндігі жөнінде Тәжікстан үкіметімен келіссөздерді бастағанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар, осындай ақпаратты Bloomberg агенттігі де жариялаған еді.

"Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне компанияның баспасөз хатшысы Саяхат Қадырова хабарлағандай, бұл жайында ешқандай да келіссөздер жүргізілмеген және мұндай ұсыныстың өзі ақылға қонымсыз болып табылады.

"Тalco акционерлік қоғам емес, мемлекеттік унитарлық кәсіпорын. Ол өз акцияларын сата алмайды", - деп мәлімдеді С. Қадырова. "Оның үстіне, елдің жоғары лауазымды ресми тұлғалары компанияның жекешеленбейтіні жөнінде бірнеше мәрте мәлімдеген", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны