14.04.2017, 20:21 5764

Талдықорған қаласында жобалық құны 540 млн АҚШ доллары болатын жылу-электр орталығыныӊ құрылысына 80 гектар жер бөлінді

Талдықорған қаласында жобалық құны 540 млн АҚШ доллары болатын жылу-электр орталығыныӊ құрылысына 80 гектар жер бөлініп, қазір нысанныӊ техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен өткен жиында облыс әкімініӊ орынбасары Айдарбек Байжанов айтты.

Талдықорған. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында жобалық құны 540 млн АҚШ доллары болатын жылу-электр орталығыныӊ құрылысына 80 гектар жер бөлініп, қазір нысанныӊ техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталовтыӊ төрағалығымен өткен жиында облыс әкімініӊ орынбасары Айдарбек Байжанов айтты.

Осыдан бір жарым жыл бұрын облыс әкімдігі мен "Global Generation" ЖШС арасында аталмыш инвестициялық жоба бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Жиында осы жоба негізінде атқарылып жатқан шаралар пысықталды.

Облыс әкімініӊ орынбасары А. Байжановтыӊ айтуынша, ЖЭО құрылысына қаладан 80,0 га жер бөлініп, 200 гектар жер қалдықтарды жинақтайтын орын үшін резервке қойылған. Қазіргі кезде жобалық топ құрылып, жобаны жүзеге асырудыӊ жол картасы әзірленген. Қолға алынып отырған техника-экономикалық негіздеменіӊ дайындалуы үшін мемлекеттіӊ үлесі - облыстық бюджеттен 2 млрд. теӊгеден астам қаржы қарастырылуы қажеттігі есептелген.

Осы жиында сөз алған "Global Generation" ЖШС акционерініӊ өкілі Рустам Баялиев жобалық топ апта сайын бас қосып, туындаған мәселелерді дер кезінде шешіп отырса деген ұсынысын жеткізді. Сонымен қатар тиісті сараптау-талдау есеп-қисабын әзірлеу мақсатында облыстық тиісті құрылымдардан сұрататын қажетті ақпараттарды уақытылы ұсынып, қолдау көрсетуді сұрады. Сондай-ақ жобаны жүзеге асырудыӊ ағымдағы жайы туралы кеӊінен баяндады.

Жалпы, бүгінгі күні облыс орталығын жылу жүйесімен қамтамасыз етіп отырған "Басқуат" қазандығыныӊ жүктемесі 90 %-ке жеткен. Талдықорғанда жыл сайын салынатын әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер саныныӊ өсуіне сәйкес бұл жүктеме әлі де арта түседі. Осыған байланысты көше ішілік қазандықтар да қайта жаӊғыртудан өткізілген болатын. "Басқуаттыӊ" үздіксіз жұмыс істеп тұрғанына 40 жылға жуық уақыт болғанын ескерсек, жаӊа ЖЭО-ныӊ салынуы Талдықорған үшін экономикалық жағынан тиімді әрі қауіпсіздіктіӊ кепілі болмақ. Құрылысы 4 жылға созылып, өзін-өзі 12 жылда ақтап шығады деп көзделген ЖЭО іске қосылғанда нысан 540 адамды жұмыспен қамтымақ. Орталықтыӊ қуаттылығы 440 ГКал/сағ болады деп жоспарланып отыр.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов осы жобаны жүзеге асыруға жауапты мекемелер мен қала әкімдігіне нақты тапсырмалар берді.

- Біріншіден, өӊір экономикасы үшін аса ірі көлемде инвестиция құятын, 500-ден астам жұмыс орнын ашатын, оған қоса қаланы жылумен және электрмен қатар қамти алатын мұндай аса ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға белсене кірісуіміз керек. Мемлекеттіӊ осы жобаныӊ жүзеге асырылуына мүдделілігін білдіретін кепілдік ретінде ТЭН үшін қажет соманы қарастырамыз. Осы іс барысында инвесторларға қажетті көмектіӊ бәрін көрсетіп, бірлесіп жұмыс жасауымыз керек. Еӊ алдымен, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша келісімшартты жылдам әзірлеп, әр тарап - атқарушы орган мен инвестор өзініӊ нақты міндеттерін айқындап алуы қажет. Сіздерге осы жұмысты ширатуды тапсырамын. Атқарылған істер туралы маған апта сайын мәлімет беріп отыратын боласыздар, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны