25.07.2017, 20:21 5929

Талдықорған қаласындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ өнімдерін саудалауға 26 орын тегін берілген

Мұндағы әр сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеӊкеде Ақсу, Сарқан, Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласыныӊ шаруалары, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасыныӊ қатысушылары өздері өсіріп, өндірген ет және сүт өнімдерін, жеміс пен көкөністерін тиімді бағамен саудалайды.

Талдықорған. 25 шілде. Kazakhstan Today - Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Талдықорған қаласындағы "Жерұйық" базарында ауыл шаруашылығы кооперативтерініӊ өнімдерін саудалауға 26 орын тегін берілген. Мұндағы әр сенбі сайын ұйымдастырылатын жәрмеӊкеде Ақсу, Сарқан, Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласыныӊ шаруалары, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасыныӊ қатысушылары өздері өсіріп, өндірген ет және сүт өнімдерін, жеміс пен көкөністерін тиімді бағамен саудалайды. Бұл туралы облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтыӊ төрағалығымен өткен Баға мен тарифтерді тұрақтандыру жөніндегі жедел штабтыӊ отырысында қала әкімініӊ орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов айтты.

Жалпы азық-түліктіӊ, соныӊ ішінде әлеуметтік маӊызды саналатын 19 түрлі өнім бағасыныӊ өсуіне жол бермеу мақсатында сауда орындарында азық-түлік өндірушілерге орынды тегін беру, сенбі сайын азық-түлік жәрмеӊкесін өткізу сияқты шаралар атқарылуда. Мәселен, жыл басынан бері Астана, Алматы, Талдықорған қалаларында және аудан орталықтарында жалпы саны 760 жәрмеӊке өткізілген. Талдықорған қаласында жергілікті кәсіпорындар "Аққұс" ЖШС-ныӊ, "JLC Сүт" серіктестігініӊ, Үштөбе сүт зауытыныӊ өнімдерін делдалсыз тікелей сататын арнайы орындар мен дүкендер белгіленген.

Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларына "Жетісу" ИКК-ніӊ тұрақтандыру қоры да үлкен септігін тигізіп отыр.

Атап өтсек, Алматы облысында 700-ден астам өнеркәсіп орындары бар, оларда 30 мыӊнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. 2016 жылы өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 650 млрд. теӊгеге жетіп, соӊғы 5 жыл ішінде 1,5 есеге артқан. Трансұлттық компаниялардыӊ қатысуымен 20-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 40-тан астам өнеркәсіп орны экспорттаушы болса, олардыӊ өнімдері әлемніӊ 42 еліне тасымалданады.

Жалпы, қазіргі кезде аймақта жалпы инвестиция көлемі 530,9 млрд. теӊге болатын, 10 мыӊ жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 63 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұлардыӊ қатарында "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС, "ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия" ЖШС, "Nemish Pharma" ЖШС, "Бауман" ЖШС, "Farm Frites" ЖШС сияқты ірі трансұлттық компаниялардыӊ қатысуымен жүзеге асырылатын 9 жоба бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны