30.06.2018, 12:31 8371

Талдықорғанда "Қазақстанныӊ үздік тауары" байқауыныӊ жеӊімпаздары анықталды

Қазіргі таӊда Жетісу жерінде 110 мыӊнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Жыл сайын кәсіпорындардыӊ көрсеткіштері мен мүмкіндіктері артуда.

Талдықорған. 30 маусым. Kazakhstan Today - Талдықорғанда "Қазақстанныӊ үздік тауары" байқауыныӊ жеӊімпаздары анықталды.

Өӊірлік кезеӊге 50-ден астам отандық кәсіпорын қатысты.

Өӊірлік кәсіпкерлер палатасында "Қазақстанныӊ үздік тауары" жылсайынғы байқау-көрмесі өтті. Биыл байқаудыӊ өӊірлік кезеӊіне 50-ден астам отандық тауарөндіруші қатысуда. Байқау аясында кәсіпорындардыӊ көрмесі ұйымдастырылып, онда қатысушылар даму жетістіктерін таныстырып, өндірілетін тауарлар мен қызмет түрлерініӊ желісін ұсынды.

Үздік кәсіпорындар үш негізгі аталым бойынша анықталды: "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық тұтынатын үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлар".

Шараға Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов, "Атамекен" ҚР ҰКП байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Ибдікәрімова, Алматы облысы Өӊірлік кеӊесініӊ төрайымы Римма Салықова, Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов және бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардыӊ өкілдері қатысты.

Жеӊімпаздарды марапаттау салтанаты барысында Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов кәсіпкерлерге өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

"Сіздердіӊ қажырлы еӊбектеріӊіздіӊ арқасында жұмыс орындары ашылуда, қазынаға салық түсіп, жаӊа мектептер мен ауруханалар салынуда. Соӊғы жылдары шағын және орта бизнестен түскен салық мөлшері 43%-ға жетті. Бүгінгі көрмені аралау барысында облысымызда барлық салалар қарқынды дамып, заманауи компаниялардыӊ пайда болып жатқанына көзім жетті", - деді Амандық Баталов.

Байқау қорытындысы бойынша "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар" аталымы бойынша І орын "Алюгал" ЖШС, ІІорын "КазТекИнвест" ЖШС, ІІІ орын "Dolce Pharm" ЖШС иеленді.

"Үздік азық-түлік тауарлары" аталымында І орынмен "Сұнқар" Алматы құс фабрикасы" ЖШС,ІІ орынмен "Danone Berkut" ЖШС, ІІІ орынмен "Шин Лайн" ЖШС марапатталды. Жеӊімпаздарға марапаттарды облыс әкімі Амандық Баталов табыстады.

"Халық тұтынатын үздік тауарлар" аталымында үздік болып "Kagazy Recycling" ЖШС танылды. ІІ орын "Алматинская Матрасная Фабрика" ЖШС берілсе, ІІІ орын "Дархан МНМ" ЖШС табысталды.

Сонымен бірге ағымдағы жылы "Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын" атты қосымша аталым тағайындалып, үздік компаниялар марапатталды. Бұл номинация бойынша І орын "Строитель" ЖШС, ІІ орын "Idea" дизайн студиясына, ІІІ орын "InSmart" компаниясына берілді.

"Қазіргі таӊда Жетісу жерінде 110 мыӊнан астам кәсіпкерлік субъектісі бар. Жыл сайын кәсіпорындардыӊ көрсеткіштері мен мүмкіндіктері артуда. "Қазақстанныӊ үздік тауары" байқауы барлықтарыӊыздыӊ жеӊімпаз, үздік екенін көрсетіп, Алматы облысы өндірушілерініӊ экономикалық әлеуетін танытты", - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов.

Еске салсақ, "Қазақстанныӊ үздік тауары" байқауын 2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлердіӊ өндірген өнімініӊ сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, облыс нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, халық арасында сапа идеясын кеӊінен таныту мақсатында тағайындаған болатын.

2015-2016 жылдары Алматы облысы кәсіпорындары арасында республикалық деӊгейде "Рыбпром" ЖШС ("Үздік азық-түлік тауарлар", 1 орын), "Алматы бояулары" ЖШС ("Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", 3 орын) жеӊімпаз атанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны