03.07.2017, 13:49 4945

Талдықорғанда "Қазақстанныӊ үздік тауары" өӊірлік конкурс-көрмесініӊ жеӊімпаздары анықталды

Көрмені аралаған облыс әкімі А. Баталов форумныӊ ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, өӊірдегі өндіріс саласыныӊ, бизнестіӊ дамуы жайлы баяндады. Кәсіпкерлікті қолдау шараларына да тоқталып өтті.

Талдықорған. 3 шілде. Kazakhstan Today - "Жаркенткрахмал-сірне зауыты" ЖШС, "Лепсі өнімдері" ЖШС және "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық конкурсыныӊ өӊірлік кезеӊініӊ жүлдегерлері атанып, 200 мыӊ теӊге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысы тауар өндірушілерініӊ форумында белгілі болды. Форумға қатысушыларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Форум барысында І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы фойесінде облыстыӊ әр қиырында өндірілген түрлі өнеркәсіп тауарларынан көрме ұйымдастырылды.

Көрмені аралаған облыс әкімі А. Баталов форумныӊ ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, өӊірдегі өндіріс саласыныӊ, бизнестіӊ дамуы жайлы баяндады. Кәсіпкерлікті қолдау шараларына да тоқталып өтті.

- Мемлекет басшысы отандық тауар өндірушілердіӊ алдына өнім сапасын халықаралық стандарттарға сай шығару туралы зор міндеттер қойды. Басым салаларда бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамыту туралы талап қойылуда. Сонымен қатар 2050 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін екі есеге арттыру жүктеліп отыр. Облысымыздағы кәсіпорындардыӊ әлеуеті зор. Еӊ бастысы, мақсатты жұмыс істеуіміз қажет. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалған. "Қазақстанныӊ үздік тауары" аймақтық көрме-конкурсыныӊ барлық қатысушыларын құттықтап, республикалық байқауда жеӊіс тұғырынан көрінулеріӊізге тілектеспін, - деген А. Баталов мұнан кейін жеӊімпаздарды марапаттау рәсімін атқарды.

Жалпы жүлдегерлер 4 аталым бойынша марапатталды, олардыӊ әрқайсысында 3 жүлделі орын белгіленген. Мәселен, "Өндірістік бағыттағы үздік тауар" номинациясында I орынды "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС, "Үздік азық-түлік тауары" номинациясында "Лепсі өнімдері" ЖШС, "Халыққа арналған үздік тауар" аталымында "Абди Ибрахим Глобал Фарм" ЖШС үздік деп танылса, қызмет көрсетуші үздік мекеме ретінде "Жетісу жауһарлары" ЖШС аталды.

2-ші және 3-ші орындарға ие болған кәсіпорындар ішінде азық-түлік, құрылыс материалдарын шығаратын, киім тігетін және басқа да өнімдер өндіретін нысандар бар. Жеӊімпаздарға 100 және 150 мыӊ теӊгеніӊ сертификаттары тапсырылды. Бірқатар кәсіпкерлер облыс әкімініӊ алғыс хатымен марапатталды.

Конкурсқа қатысушылар мен жеӊімпаздарды Кәсіпкерлер палатасы Алматы облыстық филиалыныӊ директоры Ләззат Чинкисбаева құттықтап, облыс кәсіпорындарыныӊ республикалық байқауда лайықты деӊгейден көрінетіндеріне сенім білдірді.

Конкурсқа қатысушылар атынан жеміс шырындарын шығаратын "Apple World"ЖШС директоры, "Үздік азық-түлік тауары" номинациясыныӊ 3-орын жеӊімпазы Дәурен Илибаев сөз сөйлеп, мемлекеттік қолдау шараларыныӊ нәтижесін көріп отырғандарын тілге тиек ете келе, әріптестеріне республикалық конкурста сәттілік тіледі.

Жалпы, биылғы жылы конкурстыӊ аймақтық кезеӊіне Алматы облысыныӊ 50 кәсіпорны қатысқан. Енді лауреаттар Астанада өтетін "Қазақстанныӊ үздік тауары - 2017" көрме-конкурсыныӊ республикалық кезеӊіде бақ сынайтын болады.

Атап өтсек, Алматы облысында 700-ден астам өнеркәсіп орындары бар, оларда 30 мыӊнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған. 2016 жылы өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 650 млрд. теӊгеге жетіп, соӊғы 5 жыл ішінде 1,5 есеге артқан. Трансұлттық компаниялардыӊ қатысуымен 20-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 40-тан астам өнеркәсіп орны экспорттаушы болса, олардыӊ өнімдері әлемніӊ 42 еліне тасымалданады,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны