12.09.2006, 16:15 3405

Талдықорғанда облыс әкімінің тапсырмасымен апта сайын ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Талдықорғанда облыс әкімі Серік Үмбетовтың тапсырмасымен 9-қыркүйектен бастап апта сайынғы сенбіде ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысының түрлі аудандарының фермерлері облыс орталығына өз өнімдерін жеткізуде. Жәрмеңкелерде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың жеміс-көкөніс өнімдері, ет, балық және сүт өнімдері арзан бағаға сатылуда. Жәрмеңкенің арқасында фермерлер өз өнімдерін делдалдарсыз тікелей сатуда, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жәрмеңкелер 29-қазанға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны