01.09.2011, 11:35 4372

Тамыз айында азық-түлік бағасы 12,8 пайызға өскен

2011 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда 12,8%-ға өскен.

Алматы. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - Тамыз айында азық-түлік бағасы 12,8 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлуынша, 2011 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы 2010 жылғы тамызбен салыстырғанда 12,8%-ға өскен.

"2011 жылғы тамызда 2010 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 2,2 есе, май және тоң майға - 22,8%, ұнға - 22,6%, қантқа - 19,2%, сүт өнімдеріне - 11,3%, жемістер мен көкөністерге - 10,8%, макарон өнімдеріне - 10,5%, кондитерлік өнімдерге - 8,3%, кофе, шай және какаоға - 7,8%, алкогольді ішімдіктерге - 5%, нанға - 4,9%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі атап өткендей, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 17,4% құрады. Қой етіне баға деңгейі 23,8%, жылқы етіне - 13,3%, шұжық өнімдеріне - 10,6%, құс етіне - 7,3%, шошқа етіне - 6,8%-ға жоғарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны