14.01.2014, 19:29 3208

Тараздағы қалалық аурухананың жанынан заманауи лабораториялық және рентгенттік бөлім ашылды

"Мейірім" медициналық орталығының жаңа лаборатория ғимараты мекеменің өз қаражатына салынды. Ал заманауи талаптарға жауап беретін құрылғылар мен қондырғылар "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша алынды", - делінген хабарламада.

Алматы. 14 қаңтар. Kazakhstan today. Тараздағы №8 "Мейірім" медициналық орталығы қалалық аурухана жанынан заманауи лабораториялық және рентгендік бөлім ашылды, деп хабарлайды Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы.

"Мейірім" медициналық орталығының жаңа лаборатория ғимараты мекеменің өз қаражатына салынды. Ал заманауи талаптарға жауап беретін құрылғылар мен қондырғылар "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша алынды", - делінген хабарламада.

Лаборатория "Клинитекс-статус" компаниясының анализаторымен жарақтандырылған.

Естеріңізге сала кетейік, клиника 40 мың халыққа қызмет көрсетеді. Жаңа лабораторияның салынуы пациенттердің анализдерін осы ауруханаға тапсыруына мүмкіндік береді.

Айта кету керек, мекеме басшылығы алдағы уақытта анализ қорытындысын медицина қызметкерлеріне тапсырудың ақпараттық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны