21.11.2018, 12:56 7831

Тарифтерді төмендету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардыӊ қатысуымен селекторлық кеӊес өткізілді

Кеӊес барысында табиғи монополиялар және қоғамдық маӊызы бар нарық субъектілерініӊ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау) қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселелері талқыланды

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today -2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринніӊ төрағалығымен Мемлекет басшысыныӊ ағымдағы жылы 7 қарашада Қауіпсіздік кеӊесінде айтқан тапсырмаларын орындау шеӊберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметтерге арналған тарифтерді төмендету мәселелері бойынша облыстардыӊ, Астана, Алматы және Шымкент қалаларыныӊ әкімдіктерімен Селекторлық кеӊес өткізілді.

Селекторлық кеӊеске Министрліктіӊ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ басшылығы, облыстардыӊ, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерініӊ орынбасаралары, Комитет Департаменттерініӊ басшылары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы Басқармалар мен бөлімдердіӊ басшылары қатысты.

Кеӊес барысында табиғи монополиялар және қоғамдық маӊызы бар нарық субъектілерініӊ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау) қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселелері талқыланды, сондай-ақ ПИК қызметтеріне, автобус, троллейбус және трамвай тасымалдарыныӊ, қоқыс шығару, лифт қызметтеріне арналған бағалар мен тарифтерді қайта қарау мәселелері қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны