02.11.2019, 15:25 15437

Тасымалдаушылардың 75% ілеспе құжаттарда жалған мәліметтерді мәлімдейді

Аталған бақылау түрі аясында 2019 жылдың басынан бері салмағы 2 844 тонна қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкетудің 283 фактісі, салмағы 185,5 тонна макулатураны әкетудің 24 фактісі, салмағы 1 062 тонна мұнай өнімдерін әкетудің 623 фактісі, 50 тонна мал терісін әкетудің 4 фактісі, 225 текше метр көлемінде ағаш материалдарын әкетудің 37 фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Тасымалдаушылардың 75% ілеспе құжаттарда жалған мәліметтерді мәлімдейді.

Шекара арқылы өткізілген тексерілген 428 автокөлік құралдарының ішінен 319 жағдайда (75%) құжаттардағы мәліметтердің нақты тасымалданатын тауарларға сәйкессіздігі анықталған. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев анықталған фактілер бойынша 16,1 млн. теңге айыппұл салынды деп хабарлады.

Экспорттық бақылау тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекарасында жүзеге асырылады.

Аталған бақылау түрі аясында 2019 жылдың басынан бері салмағы 2 844 тонна қара металл сынықтары мен қалдықтарын әкетудің 283 фактісі, салмағы 185,5 тонна макулатураны әкетудің 24 фактісі, салмағы 1 062 тонна мұнай өнімдерін әкетудің 623 фактісі, 50 тонна мал терісін әкетудің 4 фактісі, 225 текше метр көлемінде ағаш материалдарын әкетудің 37 фактісі анықталды, деп атап өтті МКК төрағасының орынбасары.Рұқсат беру құжатынсыз шекара арқылы өткізуге жол бермеу үшін қосарлы мақсаттағы тауарларға қатысты бақылау жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 9 айында "Метиодиэтаноламин" тауарын алып өтуге 49 әрекет, әскери үлгідегі қару үшін патрондарды алып өтуге 2 факті анықталды.

Ресей Федерациясынан және Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін тауарларға қатысты бақылау іс-шараларын жүргізу шеңберінде салық төлеуден жалтару схемалары анықталады.Қазіргі уақытта 252 салық төлеуші бойынша тауарларды әкелудің 601 фактісі анықталды, олар бастапқыда транзиттік өткізуге мәлімделді, алайда Қазақстан аумағында қалды. Осы тауарлар бойынша айналым 4,7 млрд. теңгені құрады, шығын сомасы 574,6 млн.теңгені құрады, деп хабарлады Ж. Іңкәрбаев.

Шекарадан өту кезінде салық төлеуден жалтару және тыйым салынған заттарды алып өту фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс жетілдіріледі, оның ішінде мемлекеттік кіріс органдарына қосымша құзырет беру бөлігінде заңнамалық түзетулер қабылдау есебінен жетілдіріледі.

Осылайша, бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер органдарының елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылар үшін жағдай жасау бойынша қойылған міндеттерді жоспарлы түрде атқаратындығын Жайдар Іңкәрбаев хабарлады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны