13.12.2013, 21:25 3122

Тау- кен - металлургия саласын дамыту бағдарламасы бойынша ҚР-да жоғарғы шекті өнім өндіру үшін 19 технологиялық регламент дайындалды

"Бағдарлама аясында жаңа металлургиялық өнім мен жоғарғы шекті жаңа өнім түрлерін алуды жобалау үшін мәліметтерді технологиялық реттеу дайындалды", - делінген хабарламада.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстанда 2010-2014 жылдарға арналған кен-металлургия саласын дамыту бағдарламасы аясында жоғары шекті өнім алу үшін 19 технологиялық тәртіп дайындалды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Бағдарлама аясында жаңа металлургиялық өнім мен жоғарғы шекті жаңа өнім түрлерін алуды жобалау үшін мәліметтерді технологиялық реттеу дайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аталмыш сала бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдауы көрсетілді. Яғни, шет елдерге өз өнімдерін тасымалдау кезінде келтірілген шығынның орнын толтыру үшін республикалық бюджеттен қаржылық қолдау көрсетілді.

Бұдан бөлек шет елдің ірі көрмелерінде ұлттық стенд дайындалып, онда қазақстандық кен-металлургия саласының өнімдері таныстырылды.

Министрлік тарапынан экспорттық қызмет бойынша отандық кәсіпкерліктердің мамандардың біліктіліктерін арттыру тренингтері ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның міндеті - ел ішінде шикізатты барынша молынан өңдеу, жоғарғы шекті технологияларды дайындау және өзге салалық өнеркәсіптердің жұмысын жеңілдету, атап айтар болса, машина құрылысы мен құрылыс индустриясы және фармацевтика.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны