04.02.2014, 19:32 3148

Тауарлық газдың бағасы инфляциялық дәліз аясында 1 мамырда анықталады - М. Оспанов

"Таяу арада газға тарифтерді әртараптандыру әдістемесін әзірлеуді аяқтаймыз, ол бағаны берілген инфляциялық дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді. 1 мамырға қарай тұтынушылар үшін нақты баға анықталады, сонымен бірге экспорттық-транзиттік ауыстырып құю үшін тариф төмендеп, ішкі тұтынуға жоғарылайды", - деді М.Оспанов.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Тұтынушылар үшін газдың бағасы инфляциялық дәліз аясында ағымдағы жылдың 1 мамырында анықталады, деп мәлімдеді бүгін ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттінің төрағасы Мұрат Оспанов Үкімет отырысында.

"Таяу арада газға тарифтерді әртараптандыру әдістемесін әзірлеуді аяқтаймыз, ол бағаны берілген инфляциялық дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді. 1 мамырға қарай тұтынушылар үшін нақты баға анықталады, сонымен бірге экспорттық-транзиттік ауыстырып құю үшін тариф төмендеп, ішкі тұтынуға жоғарылайды", - деді М.Оспанов.

"Тұрғындар үшін газдың бағасы шұғыл көтерілмейді", - деп басып айтты реттеуші органның басшысы.

Алдында сөйлеген сөзінде мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин түсіндіргендей, "әр облыс үшін көтерме бағаны анықтау кезінде әлеуметтік аспектілер, өңірде газ ресурстарының болуы немесе болмауы, сондай-ақ газ бағасының ағымдағы деңгейі ескеріліп, әр облысқа жеке ықпал жасалды".

Осылайша, оның айтуынша баға қалыптастыру тұжырымдамасы ұлттық оператордың бір де бір өңірде табыс табуын көздемейді.

"Ұсынылған газ бағасы деңгейлерінің өзінде ұлттық оператор газды ішкі нарықта сатудан шығынға ұшырайды",- деп толықтырды МГМ басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны