25.07.2016, 22:25 4422

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда азаматтық қызметкерлердіӊ жалақысы 17,6 есеге ұлғайды

Қазақстанда соӊғы 20 жылда (1996 мен 2015 жылдар аралығында) азаматтық қызметкерлердіӊ орташа айлық жалақысы 17,6 есеге (4 мыӊ 813 теӊгеден 84 мыӊ 722 теӊгеге дейін) ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда соӊғы 20 жылда (1996 мен 2015 жылдар аралығында) азаматтық қызметкерлердіӊ орташа айлық жалақысы 17,6 есеге (4 мыӊ 813 теӊгеден 84 мыӊ 722 теӊгеге дейін) ұлғайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халыққа Жолдауларына сәйкес бюджеттік сала қызметкерлерініӊ жалақысы тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет: 2006 жылы - 32%-ға; 2007 - 30%-ға; 2009 және 2010 жылдары - 25%-ға, 2011 - 30%-ғаұлғайтылды.

2014 жылғы 1 сәуірден бастап барлық мемлекеттік ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше еӊбек жағдайы үшін лауазымдық ақыныӊ 10%-ы көлемінде үстемақы төлеу енгізілді.

Сонымен қатар, ҚР Президентініӊ 2014 жылғы 17 қаӊтардағы"Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауындағытапсырмасын орындау мақсатында 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап азаматтық қызметкерлердіӊ жалақысы олардыӊ біліктілігіне қарай ұлғайтылды: денсаулық сақтау саласында - 7%-дан 28%-ға, білім беру саласында - 15%-дан 29%-ға, өзге салаларда -28%-дан 40%-ға дейін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны