27.10.2016, 12:39 4418

Тәуелсіздік жылдарында Оӊтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жалпы өӊірлік өнім 23 есеге өскен

Оныӊ айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өӊірлік өнім 3,8 млрд. теӊгеден 90,3 млрд. теӊгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мыӊ теӊгеге жеткен

Шымкент. 27 қазан. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік жылдарында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Сайрам ауданында жалпы өӊірлік өнім 23 есеге өскен. Бұл туралы бүгін Сайрам ауданыныӊ әкімі Самат Сапарбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Оныӊ айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өӊірлік өнім 3,8 млрд. теӊгеден 90,3 млрд. теӊгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мыӊ теӊгеге жеткен. Өӊірдіӊ экономикалық дамуын анықтайтын басты сала - өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданныӊ өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теӊгеніӊ өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теӊгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр.

"Егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыӊнан асса, 2016 жылы 151 мыӊнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсті. Қой-ешкі саны 65 мыӊ бастан 99 мыӊ басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мыӊ басқа жетіп, 574 %-ды құрады. Ет өнімі 1991 жылғы 6880 тоннадан 21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті. Сүт өнімі 1991 жылы - 40684 тонна болса, 2016 жылы -160 мыӊ тоннаға жетіп, 2,8 есеге өсті. Жұмыртқа 1991 жылы - 98500 болса, 2016 жылы - 142 мыӊ данаға жетіп, 1,4 есеге өсті. Жүн 197 тоннадан 224 тоннаға, немесе 137 %-ға өсті", - деді С.Сапарбаев.

Баспасөз жиынында өзге де салалардағы жетістіктерге тоқталған аудан басшысы туризм саласы бойынша Сайрамда егемендік алғанға дейін жұмыс істелмегенін алға тартып, осынау тәуелсіздік жылдарында салаға ерекше көӊіл бөлу арқасында ауданныӊ табысты бизнес түрініӊ біріне айналғанын жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таӊда Сайрамдағы Абылай хан ат басын тіреген Ханқорған төбесі, Сиқым баба, Жаныс баба кесенелері де халық игілігі үшін жұмыс жасауда. Сайрам ауданы қалаға жақын орналасқандықтан Ақсу, Машат, Арыс өзендері мен Көлкент және Қырықкөл деп аталатын көлдер бойында демалыс нысандары көптеп бой көтеріп, келушілердіӊ саны да жыл санап артып келе жатқаны баяндалды.

Тілшілермен болған кездесуде Самат Айдарханұлы күнделікті халыққа қажетті тамақ өнімдерініӊ 20 түрініӊ 18-і, яғни, қант пен тазартылған күріштен басқа өнімдердіӊ барлығы Сайрамда өндірілетінін мақтан етті. Барлық салалар бойынша даму көрсеткіштері жақсарып келе жатқан ауданда тамақ өнімдерініӊ 11 түрі ауданда артығымен өндірілетінін алға тартты.

Сондай-ақ, өз сөзінде коммуналдық, әлеуметтік, сәулет, құрылыс, білім, мәдениет, спорт салалары сынды өзге де бағыттағы жетістіктерді жеткізген аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардыӊ одан әрі жалғасатынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны