10.07.2012, 11:40 2840

Тау-кен металлургия секторы ҚР - ENRС үшін стратегиялық маңызды болып табылады

Тау-кен металлургия кешеніне Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің 7% тиесілі, бұл аталған саланың ел экономикасындағы маңызын білдіреді, дейді ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 10-шілде. Kazakhstan Today - Тау-кен металлургия секторы ҚР - ENRС үшін стратегиялық маңызды болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Тау-кен металлургия кешеніне Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің 7% тиесілі, бұл аталған саланың ел экономикасындағы маңызын білдіреді, дейді ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Біз күн асқан сайын күшейіп, елдің күнделікті өміріне еркін еніп келе жатқан үдемелі индустриялық инновациялық бағдарламаның қатысушысымыз. ҚР Президенті алға қойып отырған мақсаттардың бәрі - өндіріс пен адамдар қауіпсіздігін сақтау, барлық жобалардың әлеуметтік маңыздылығы - біздің жұмысымыз үшін өте маңызды болып табылады", - деді Феликс Вулис ІІ халықаралық тау-кен металлургия конгресі барысында.

ENRC басшысы сондай-ақ, компанияның Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытына және Павлодар облысындағы анод зауытына салған инвестициясы металл нарығындағы қазақстандық мазмұнның артуына, сөйтіп сырттан өнім жеткізушілерге тәуелді болмауына мүмкіндік беретінін баса айтты.

"Біз өзімізге үкімет ұсынатын барлық бағдарламалар мен бастамаларға қатысудамыз, олардың мәнін түсінеміз, және жыл өткен сайын тау-кен металлургия саласының жағдайы жақсара түседі деп сенеміз", - деп қорытындылады сөзін Феликс Вулис.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны