18.04.2008, 17:57 3060

Тау-кен металлургиялық ірі бизнес өкілдері аймақтағы шағын және орта бизнеспен өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге дайын - Радостовец

Тау-кен металлургиялық ірі бизнес өкілдері аймақтағы шағын және орта бизнеспен өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге дайын - Радостовец

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тау-кен металлургиялық ірі бизнес өкілдері аймақтағы шағын және орта бизнеспен өзара ықпалдастық аясын кеңейтуге дайын. Бұл туралы бүгін республикалық тау-кен металлургиялық және тау-кен өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тау-кен металлургиялық өндіріс жұмысшыларының 1 -ші съезінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз аймақтардағы шағын және орта бизнеспен ықпалдасу аясын кеңейтуге дайынбыз, тіпті өзіміздің тауар топтарымыздың бір бөлігін тендерлерге шығарып, ШОБ иелерімен бірлескен кәсіпорындарды құрып, сол арқылы аймақтардағы экономика тұрақтандырамыз ", -деді Н. Радостовец.

"Бізде шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселесі бар, соны шағын және орта бизнес деңгейінде ойдағыдай шешуге болады", -деп толтықтырды ол.

"Біздің көп жоспарларымыз бар және 2009-2014 жылдарға дейін салалық даму бағдарламаларын дайындау қажеттігі бар. Онда серпінді жобалармен қатар, оларды қамтамасыз ететін механизмдері көрсетілсе игі болар еді ", -деді атқарушы директор. "Егер индустрия министрлігі бізді қолдаса, онда үкімет деңгейіне көтерілмей -ақ, ондай бағдарламаны бірлесе отырып дайындауға болар еді" -деп қорытындылады Н. Радостовец.

ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник тау-кен металлургиялық сектордың даму бағдарламасын дайындау жөніндеге ұсынысты қолдады. "Министрдің бұйрығымен бағдарламаны бекітіп, оны бірлесе отырып дайындайық. Өйткені, бізде үкімет деңгейіндегі бағдарламалар тізімі жеткілікті және оларды қысқарту керек. Оған көп күш жұмсалады ", - деді ИСМ басшысы.

"Салалық бағдарламаларды дайындау жөнінде біздің тәжірибеміз бар. Кезінде біз 2015 жылға дейінгі энергетиканың даму бағдарламасын дайындадық және энергетиктер олардың саласы бағдарламаға сәйкес дамып жатқанын растайды", - деп қорытындылады В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны