18.04.2008, 15:53 3830

Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері Корпоративтік кіріс салығы мен Қосалқы құн салығының ставкаларымен сәйкестендіріледі - Ерғожин

Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері Корпоративтік кіріс салығы мен Қосалқы құн салығының ставкаларымен сәйкестендіріледі - Ерғожин

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері Корпоративтік кіріс салығы мен Қосалқы құн салығының ставкаларымен және осындай компаниялардың ішкі рентабельділік нормасымен сәйкестендіріледі. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Дәулет Ерғожин бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері 10 % болады деп ешкім айтып отырған жоқ", -деді вице-министр журналистердің өтініші бойынша тау-кен металлургиясы өнеркәсібі қызметкерлерінің 1-ші сьезіне қатысушылардың үкіметке жолдаған мәлімдемесіне берген түсініктемесінде. Мәлімдемеде " Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшерін 10 % деңгейінде енгізу жайында айтылған".

"Қазір мұнайшылардыкі секілді барлық салалар үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшерін есептеу жүргізіліп жатыр. Есепті индустрия министрлігі жасауда, біз мәліметтер беріп көмектесіп жатырмыз, салық жүктемесі қалай өзгеретіндігі туралы нақты сан сәуірдің аяғына дейін анықталады", - деді Д. Ерғожин.

Вице-министрдің мәліметінше, қазір Тау-кен металлургиясы саласы үшін Қазақстанда орташа салық жүктемесі "10 - 13 %" құрайды. "Егер біз салық жүктемесі 13 % десек, онда ішкі рентабельділік нормасы 25 %-дан асуға тиіс, ал бұл осындай орташа әлемдік көрсеткіштен 5-6 % артық", -деді Д. Ерғожин.

"Біздің пайымдауымызша, ішкі рентабельділік нормасы 20 - 22 % болуға тиіс", -деді ол.

"Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері неге әлі есептеліп жатыр десеңіздер, оған себеп - бұның бәрі бсқа салықтармен тығыз байланыста есептелуге тиіс. Өздеріңізге белгілі, Корпоративтік кіріс салығы ставкасы баршасына бірдей төмендетіледі, тиісінше салық салынатын база төмендемеуі үшін оны басқа қандайбір салықпен балансқа келтіру керек", - деді вице-министр. "Яғни, егер ертең экономика министрлігі бізге Корпоративтік кіріс салығы ставкасы 20 % болады десе, онда экспорттық кедендік баж салығының мөлшері бір сан, ал егер Корпоративтік кіріс салығы ставкасы 15 % болады десе, экспорттық кедендік баж салығының мөлшері басқа сан болмақ. Ал егер Корпоративтік кіріс салығы ставкасы бұрынғы деңгейде қалса, онда тағы басқа сан болмақ", - деді ол.

"Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері Корпоративтік кіріс салығы мен Қосалқы құн салығының ставкаларымен сәйкестендіріледі, яғни, әрбір нақты кәсіпрорын үшін салық жүктемесін белгілі бір модельге сай есептеу керек", - деді Д. Ерғожин.

"Меніңше, Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының өнімі үшін экспорттық кедендік баж салығының мөлшері қандай жағдайда да мөлшері жағынан мұнайшылардан аз болуға тиіс", -деді ол.

"Егер ресейліктерде осы сектор үшін аталған баж салығы 5 - 7 % болса, онда осы шек дұрыс деуге болады, бірақ, ол Корпоративтік кіріс салағына байланысты болмақ. Сол себепті экспорттық кедендік баж салығы алынуға тиіс және осы тұста Корпоративтік кіріс салығы да азайтылатын болса, онда бізде салық салынатын база кемиді", - деді вице-министр. Оның айтуынша, Корпоративтік кіріс салығы ставкасын қазір "экономика министрлігі есептеп жатыр".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11-сәуірде Қазақстан бухгалтерлерінің бірінші республикалық форумы барысында жаңа Салық кодексінің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстанның "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская үкіметтің жаңа Салық кодексінің аясында Корпоративтік кіріс салығы ставкасын азайтуды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

"Жаңа Салық кодексінің жобасымен жұмыс аясында Корпоративтік кіріс салығы ставкасын азайту мәселесі талқылануда, оны 20% дейін азайтуы мүмкін, бұл әзірге түпкілікті сан емес", - деді Е. Никитинская.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны