26.01.2009, 18:13 3579

Тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыскерлердің босап қалу қаупі артықша

Тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыскерлердің босап қалу қаупі артықша

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыскерлердің босап қалу қаупіне артықша. Бұл туралы еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Талдау нәтижесі тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде жұмыскерлердің босап қалу қаупі артық екенін көрсетіп отыр. Бұл салаларда 774 мың адам қызмет етеді", -деді Б. Сапарбаев.

Министрдің айтуынша, тәуекел дәрежесі орташалау салаларға электр қуатын, газ бен суды өндіру жіне тарату, құрылыс, сауда, транспорт және байланыс салалары жатады, бұл салаларда 3 млн адам жұмыс істейді.

"Барлығы 1,7 млн адам жұмыс істейтін мемлекеттік сектор ұйымдарында және 2,4 млн адамды жұмыспен қамтып отырған ауылшаруашылығында қызметкерлер қысқартылмайды деп күтілуде", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны