27.08.2007, 13:07 4669

Тәжікстан қазақстандық кәсіпкерлерді асыл металдарды өндіру мен өңдеуге инвестиция салуға шақырады

Тәжікстан қазақстандық кәсіпкерлерді асыл металдарды өндіру мен өңдеуге инвестиция салуға шақырады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. Тәжікстан қазақстандық кәсіпкерлерді асыл металдарды өндіру мен өңдеуге инвестиция салуға шақырады. Бұл туралы бүгін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының отырысы аясында журналистерге берген сұхбатында комиссияның тең төрағасы, Тәжікстан Республикасының инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Шариф Рахимзода мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің тауларымызда алтын, күміс және абсқа да асыл металдар көп, оларды өндіретін мерзім жетті, сол себепті біз өзара ынтымақтастық жөніндегі жобаларымызды ұсынамыз", - деді Ш.Рахимзода. "Бірлескен кәсіпорындар құруды ұсынамыз , немесе, қазақстандық инвесторлар Тәжікстандағы кәсіпорындарға толықтай иелік ете алады", - деген ұсыныс жасады ол.

Сонымен бірге, Ш.Рахимзоданың пікірінше, қазақстандықтар үшін Тәжікстанда су энергетикасы мен банк саласы инвестиция салуда болашағы бар салалар болып табылады. "Бұл салада ешбір шектеу жоқ, қазақстандық банктер өз филиалдарын Тәжікстанда аша алады немесе акциялардың 100% қорыжынын иемдене алады", - деді ол.

Өз кезегінде Қазақстан жағынан комиссияның тең төрағасы, республиканың қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовтың айтуынша, "қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан Тәжікстан нарығына үлкен қызығушылық байқалуда". "Бұл өте тартымды мемлекет, Қазақстан капиталын әкелуге ешбір кедергі жоқ", - деп атап өтті ол.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2007-жылдың бірінші жартысында $139,8 млн болды. Қазақстаннан Тәжікстанға шығарылған экспорт көлемі $125,7 млн., импорт - $14 млн жетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны