24.08.2007, 14:18 3016

Тәжікстан жаз маусымында Қазақстанға 2,5 млрд кВт-сағатқа дейін электр қуатын экспорттай алады - премьер

Тәжікстан жыл сайын жаз маусымында Қазақстанға 2,5 млрд кВт-сағатқа дейін электр қуатын экспорттай алады. Бұл туралы бүгін Тәжікстан премьер-министрі Акил Акилов республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуден кейін өткен брифингте мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 тамыз. АСТАНА. Тәжікстан жыл сайын жаз маусымында Қазақстанға 2,5 млрд кВт-сағатқа дейін электр қуатын экспорттай алады. Бұл туралы бүгін Тәжікстан премьер-министрі Акил Акилов республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуден кейін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін біз Кәрім Мәсімовпен кездесуде Қазақстанды электр қуатымен қамтамасыз етуде Тәжікстанның әлеуетін пайдалану мәселесін талқыладық. Сангтудин 1- СЭС пайдалануға берілгеннен кейін біз жаз маусымында Қазақстанға 2,5 млрд кВт-сағатқа дейін электр қуатын экспорттау мүмкіндігіне ие боламыз", - деді А.Акилов.

"Ол үшін біз Тәжікстанның оңтүстігі мен солтүстігін қосатын ЛЭП-500 Электр жалғастыру желісін тарта бастадық, алдағы уақытта ол желіні Қазақстанның оңтүстігімен қосып, ол арқылы кедергісіз тоқ жіберуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Бұған қоса тәжік үкімет басшысының пайымдауынша, оның елі Қазақстан нарығын өз өнімдерімен қамтамасыз ете алар еді. "Біз Астанадағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 600 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімдерін әкелдік, бұл алдағы уақытта да Тәжікстанда өсірілген өніммен Қазақстан нарығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп ойлаймын", - деді А. Акилов.

Оның айтуынша, К. Мәсімовпен кездесуде Тәжікстан аумағында бірлескен кәсіпорындар құру және республикаға Қазақстан инвестициясын әкелу мәселелері де қозғалды. "Елімізде қорғасын-күміс концентратын шығаратын Адрасман тау-кен байыту комбинаты бар, оның акцияларына 100% қазақстандық инвесторлар иелік етеді", - деп еске салды А. Акилов (Тәжікстанның Согдий облысындағы Адрасман кен байыту комбинатын Kazinvest mineral компаниясы 3,5 млн долларға сатып алған).

Өз кезегінде Қазақстан премьер-министрі "Тәжікстанның республикаға Қазақстан инвестициясының келуі үшін жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын" атап өтті.

"Адрасман тау-кен байыту комбинатының жұмысы - осы процесстің жақсы бастамасы", - деп санайды үкімет басшысы. К. Мәсімов, сондай-ақ, "екі ел арасындағы өзара сауда-саттық деңгейі өсе түсуде, интеграция тереңдеп келеді және бұл қуанарлық жайт", деп атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны