01.08.2008, 18:58 2945

Тәжікстанда 2008 жылдың аяғына дейін 12 шағын су электр станциясы іске қосылады

Тәжікстанда 2008 жылдың аяғына дейін 12 шағын су электр станциясы іске қосылады

Душанбе. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда шетелдік инвесторлардың қаржылық қолдауымен 2008 жылдың аяғына дейін 12 шағын су электр станциясы іске қосылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Барки Точик" акционерлік холдингтік компанияның бас инженерінің орынбасары Рашид Гуловтың хабарлауынша, " Тәжікстанда шағын су электр станцияларын салу жөніндегі сегіз жобаны осы республика үкіметі мен Кувейттің даму қоры бірлесе $11,6 млн көлеміндегі қаржыға жүзеге асыруда. Оның $9,2 млн қор, $2,4 млн - Тәжікстан үкіметі шығарған.

Р. Гуловтың айтуынша, БҰҰ Даму бағдарламасының қаржысының есебінен республиканың таулы аудандарында шағын су электр станцияларын салу жөніндегі тағы да төрт жоба жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны