24.06.2008, 19:13 3094

Тәжікстанда астық түсімін жинау жалғасуда

Тәжікстанда астық түсімін жинау жалғасуда

Душанбе. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда қазіргі күні жалпы жоспарланған 291 мың 447 гектар астық алқабының 42 мың 376 гектарынан астық жиналды. Осылайша, егіс даласынан 62 мың 326 тонна астық жиналды. Бұл өткен жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 22 мың 251 тоннаға артық, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Нарзулло Дадабаевтың ақпаратына сүйенсек, әрбір гектардың орташа өнімділігі 19,5 центнерді құрап отыр. Барлық орылған астық тұқымдастар алқабының 41 мың 481 гектар жеріне бидай егілген. Бидай өнімі қазірдің өзінде 60 мың 200 тоннадан асып кеткен. Ал былтыр осы уақытта 25 мың тонна ғана жиналған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны