03.06.2008, 19:04 2975

Тәжікстанда мақта егу науқаны аяқталып келеді

Тәжікстанда мақта егу науқаны аяқталып келеді

Душанбе. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда мақта егу науқаны аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Елдің ауылшаруашылық министрлігінің өсімдік басқармасы "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне хабарлағанындай, Хатлон облысының бірқатар аудандарында мақта себу жұмыстары әлі жалғастырылуда. Мысалы Пянж ауданында жуырда 30 гектарға мақта себілді.

"Менің пікірімше, мақта жөнінде шұғыл ақпарат осымен аяқталады ", - деді басқармадағы ақпарат көзі.

Республикады биылғы жылға 253 мың 752 гектарға жоспарланған жұмыстар көлемі 96 % орындалды. 2 маусымда 243 мың 660 гектар жерге стратегиялық дақылдар себілді.

Согдий облысында белгіленген 76 мың 570 гектардың орнына 75 мың гектарға мақта себіліп көзделген жұмыстар 98 пайызға орындалды.

Ауылшаруашылық министрлігінің деректері бойынша, осы аптаның басында мақтаның 187 мың 803 гектар алқабы суғарылды, 200 мың 200 гектар жерге себілген мақта өңделіп, 142 мың 363 гектар алқабы сиретілді және 36 мың 877 гектарға тыңайтқыштар енгізілді.

Өткен жылы елдің стратегиялық дақылдарына 254 мың 279 гектар жер бөлінді. Биылғы жылы мақта 255 мың 596 гектарға себілді. Өткен жылы жиналған өнім

жоспарланған 550 мың тоннадан төмен болып, 76,3 пайызға орындалды немесе 419 мың 597 шикі затты құрады.

Соған қарамастан елдің бірқатар аудандарында мақта қайта себіліп жатыр. Мысалы, құрғақшылық болған Согдеде мақта көлемі мың гектарға артық себілді. Облыстың ауылшаруашылық басқармасының бастығы Бободжон Домуллоевтың айтуынша, суғармалы судың тапшылығынан және құрғақшылықтан уақтылы өсіп өнбеген мақта облыстың Матчинск, Зафарабад, Бободжонгафуров және Канибадам аудандарында қайта себілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны