18.01.2008, 18:58 3177

Тәжікстанда "Сангтуда-1"ГЭС іске қосылды

Тәжікстанда "Сангтуда-1"ГЭС іске қосылды

Душанбе. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Сангтуда ГЭС-1 бірінші агрегатының іске қосылуының сынағы өткізілді, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Азия-Плюс" ақпараттық агенттігі хабарлағанындай, "Барки точик" ОАХК бас инженердің орынбасары Рашид Гулов бірінші агрегат бірнеше күн бойы электр қуатын өндірместен жұмыс істейді деп мәлімдеген. Егер ол тұрақты жұмыс істейтін болса, онда гидрораптың негізгі қуаттылығын іске қосу 20 қаңтарда аяқталатын болады.

ГЭС ашылу ресми салтанатына ТР президенті Эмомали Рахмон және ресейдің энергетикалық холдингтің басшысы Анатолий Чубайс қатысады деп күтілуде.

"Азия-Плюс" ақпараты бойынша Сангтуды-1 бірінші агрегатын өткен жылдың 21 желтоқсанында іске қосылуы көзделген болатын алайда, мерзім кестесі орындалмағандықтан, жоспар қайта өзгертілді.

"Сангтуды-ның электр қуатының құны "Барки точик" ОАХК мен гидрорапты салып отырған дирекция арасында талқыланады. Кейін құжат Тәжікстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігінің бекітілуіне жіберіледі", - деп хабарлады, Тәжікстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігінде .

"Сангтуды ГЭС-1" Душанбеден 200 шақырым жерде оңтүстік беткейіндегі Вахш өзенінің бойынша орналасқан. Бірінші агрегаттық қуаттылығы 167,5 МВт құрайды. Ал бір айда шығарылатын электр қуатының көлемі сағатына 72 млн кВт құрайды. "Сангтуды ГЭС-1" бақылаушы пакет акциясы РАО ЕЭС меншігінде.

2005 жылдың ақпан айында "Интер РАО ЕЭС" ЖАҚ пен Тәжікстан Республикасының энергетика және өнеркәсіп министрлігі "Сангтуды ГЭС-1" ААҚ құру жөнінде келісім-шартына қол қойды. РФ мен ТР үкіметаралық келісім-шартына сәйкес, ресей жағына 75%, ал Тәжікстанға 25% бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны