11.10.2007, 18:46 3538

Тәжікстанда шикі мақта түсімінің 61% астамы жиналды

Тәжікстанда шикі мақта түсімінің 61% астамы жиналды .

Душанбе. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда бүгінгі күні 331 мың тонна шикі мақта, немесе, мемлекет биылғы жылға межелеген түсімінің 61% астамы жиналды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Тәжікстанның ауылшаруашылығы және табиғатты қорғау министрлігінен хабарлады.

Атап айтсақ, Согды облысында қазіргі жағдаймен жергілікті мақта зауыттарына 98 мың тоннадан астам мақта тапсырылды, бұл мемлекеттік жоспардың 57%-іне тең. Хатлон облысында маусым басталғаннан бері 205 мың тонна мақсат жиналған. Бұл жоспардың 61%-і.

Былтыр тәжік мақташылары 440 мың тонна шикі мақта жинап алған. Бұл жоспарланған 547 мың тоннаның 80% жуығы еді. 2005 жылы 447 мың 408 тонна, яғни, осы жылға межеленген 601 мың тонна түсімнің 73,3% көлемінде мақта жиналды. Биыл тәжікстанда мақта еліген алқаптардың аумағы 6 мың гектарға кеміді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны