23.10.2012, 19:33 3112

ТДҰА австриялық серіктестерімен бірлесе отырып құны 10 млн АҚШ доллары тұратын жобаның тұсауын кесті - баспасөз баяны

Жоба аясында жылына 25 000-ға дейін коронарлық стент пен 35 000-ға дейін катеторлар өндіру жоспарланған. Екі жақ қазақстандық-австриялық экономикалық форум барысында аталған жобаны іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Бүгін "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған австриялық компаниялар көрмесіне қатысты. Көрме барысында Агенттік төрағасы Айдын Құлсейітов серіктес компаниялар - "Досфарм" ЖШС басшысы Виктор Ни және Транслюмин компаниясының жетекшісі доктор Зигфрид Айнхеллингпен бірлесе медицина саласында қолданылатын арнайы жобамен таныстырды. Бұл туралы "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Жоба аясында жылына 25 000-ға дейін коронарлық стент пен 35 000-ға дейін катеторлар өндіру жоспарланған. Екі жақ қазақстандық-австриялық экономикалық форум барысында аталған жобаны іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

"Жобаның орташа құны 10 млн АҚШ долларына тең. Бұл жобаның іске асуы соңғы технологияларға толы жаңа кәсіпорынның құрылуына ғана септігін тигізіп қоймай, Қазақстан Республикасының индустриясына да жаңа толқын әкелері сөзсіз", - деп атап өтті А. Құлсейітов.

Естеріңізге сала кетейік, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Австрияға ресми сапары барысында екі құжатқа қол қойды. Біріншісі - Вена қаласындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігімен технологиялар трансферті саласында қол қойылған құжат. Бұған сәйкес, жақтастар Қазақстан, Ресей мен Австрия елдері арадағы байланысты Инновацияны қолдау орталығы арқылы ұстайтын болып келісті.

Екіншісі - Еуропалық Одақтың Жетінші шеңберлік бағдарламасы аясындағы бірлескен жұмыстар бойынша Австрияның әлеуметтік инновациялар орталығымен өзара түсіністік жөніндегі Меморандумы.

"Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ жарғы капиталы жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған. Агенттік инновациялық дамыту үрдістері мен мемлекеттік қолдау құралдарын үйлестіру үшін құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны