Теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер бекітілді
Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) базалық мөлшерлеменің өзгеруін ескере отырып, мамыр айы үшін теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелердің бекітілгендігін және депозиттердің жекелеген топтары бойынша мөлшерлемелердің қайта қаралғандығын хабарлайды.
Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкінің 6 сәуірден бастап базалық мөлшерлемені 12 пайыздан 9,5 пайызға дейін төмендету туралы кезектен тыс шешімінен соң, ҚДКБҚ мерзімсіз және қысқа мерзімді депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін төмендетті. Бұл 2020 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚДКБҚ Әдістемесіне сәйкес базалық мөлшерлеменің өзгеруі тек мамыр айына арналған ең жоғары мөлшерлемелерге ғана әсер етті. Ал сәуір айының мөлшерлемелері өзгерген жоқ.
Бұл ретте қысқа мерзімді салымдар табыстылығының күрт төмендеуіне жол бермес үшін және жақын келешекте депозиттердің осы тобы бойынша мөлшерлемелер біртіндеп төмендейтіндіктен, Қор төмендетілген базалық мөлшерлемеге қатысты спредті көтерді. Бұған дейінгі ең жоғары мөлшерлемелер наурыз бен сәуірде базалық мөлшерлеменің өскендігін ескере отырып бекітілген болатын. Ең жоғары мөлшерлемелерді өзгерту әлемдік және ішкі нарықта қалыптасқан жағдайға байланысты салымшылардың мүдделерін қорғау үшін дер кезінде қабылданған шара болды.
Сонымен теңгедегі мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі - 12 пайыз. Толықтыруға болатын, 3 және 6 айлық мерзімді салымдар бойынша мөлшерлемелер - 12 пайызды, ал толықтырылмайтын түрі бойынша - 12,5 пайызды құрады. Осы мерзімдерге арналған, толықтырылатын жинақ депозиттер бойынша мөлшерлемелер - 13 пайыз, ал толықтырылымайтын түрі бойынша - 13,5 пайыз. Жаңартылған мөлшерлемелер салымдарды саралау, яғни жіктеу қағидасына толығымен жауап береді - толықтыруға болатын, қысқа мерзімге арналған депозиттер бойынша мөлшерлемелер осы салымдардың толықтырылмайтын түрі бойынша мөлшерлемелерден 0,5 пайыздық тармаққа төмен.
Толықтырылмайтын жинақ депозиттерді қоспағанда ұзақ мерзімді салымдар бойынша 2020 жылдың мамырына белгіленген мөлшерлемелер өзгерген жоқ. Ал толықтырылмайтын жинақ депозиттердің мөлшерлемелері - 14,7 және 14,8 пайызға дейін төмендетілді. Бұл ретте олар мөлшерлемелері қайта қаралған қысқа мерзімді депозиттермен салыстырғанда тартымды болып қала бермек. Өйткені жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
ҚХР-ға теміржол арқылы жүк экспорты 21 пайызға өсті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Ресей үш көмір ЖЭО салады
Үш облыс орталығында - Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО іске асыру энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанға бидайды әкелуге тыйым салу ұзартылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 14,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасын өзгертеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан мен Өзбекстан Инвестициялар портфелі 2,5 млрд доллардан асатын 60 жобаны бірлесіп іске асыруда
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов ірі кәсіпорындарды ШОБ-ты қолдауға шақырды
Ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнес субъектілерінің белдеуін дамыту қажет. Бұл ірі компаниялардың міндеті болуы керек. Үкімет тарапынан оларға көмек көрсетілуде. Өз кезегінде олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек", - деді Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
17.04.2024, 12:07Қазақстанда сырттан әкелінген тырысқақ ауруының ошағы жойылды 17.04.2024, 12:11 16366Тоқаев су тасқынынан зардап шеккендерге көмек туралы: Forbes тізіміндегі кәсіпкерлер әр облысқа бекітілетін болады17.04.2024, 15:13 13246Қазақстанда мопедистерге қойылатын талаптар күшейтіледі17.04.2024, 15:17 12861Тәртіп бұзғандар әкімшілік жаза аясында қоғамдық жұмыстарға тартылады17.04.2024, 15:20 12636Президентке азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіру және қорғау жөніндегі жылдық есеп берілді
11.04.2024, 20:34 91666Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қорғауды күшейту туралы заң мақұлданды11.04.2024, 20:27 862412024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 116 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды11.04.2024, 20:10 86086Батыс өңірлерді үлкен судан қорғау үшін 10 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылды12.04.2024, 13:37 85906Алматыда арнайы сейсмологиялық зерттеу жүргізіледі12.04.2024, 16:41 84776Үкімет Арқалықта су тасқынынан зардап шеккендерге үй сатып алу үшін қаражат бөлді
20.03.2024, 21:43 133086Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді04.04.2024, 16:35 120521Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды20.03.2024, 12:12 120496ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты04.04.2024, 16:30 120301Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады20.03.2024, 12:19 120061Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді