24.12.2021, 16:04 30396

Теңіз кен орнын кеңейту жобасы мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді

Жобаны аяқтау 2023 жылға жоспарланған.
Теңіз кен орнын кеңейту жобасы мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді
Сурет: glas.ru
НҰР-СҰЛТАН. 24 ЖЕЛТОҚСАН - 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің төрағалық етуімен "Теңізшевройл" ЖШС компаниясының өкілдерімен ҚР Энергетика министрлігінің алқасы өтті, оның шеңберінде Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасын іске асыру барысы туралы есеп тыңдалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кеңес барысында Болашақта кеңейту жобасы Теңіз кен орнының өндірістік қуаттарын кезекті ірі ауқымды кеңейту болып табылатыны, оны іске асыру мұнай өндіру көлемін жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға және Теңіздің жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерінің қуаттарын толық жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
 
Ведомство басшысы өз сөзінің қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың жалпы прогресі мен жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштерінің ағымдағы деңгейі бойынша қанағаттанушылық білдірді, сондай-ақ жобаны іске асыруды жоспарланған мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
 

Сонымен қатар, ТШО басшылығына қызметкерлерді босату және оларды ТШО-ның басқа объектілеріне тарту мүмкіндігі тұрғысынан осы қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау мәселелерін қарастыра отырып, тұрақты мониторинг жүргізу қажеттілігі туралы атап өтті", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

 
Ведомствоның мәліметінше, болашақта кеңейту жобасының құны - 45,2 млрд АҚШ долларын құрайды, жобаны аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Болжам бойынша жобадағы қазақстандық қамту 36%-ды құрайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Хабар 24" "Келешек кеңею" жобасының аяқталуына байланысты Теңіз кенішіндегі 39 мың жұмысшыны қысқартуға ниетті екенін хабарлаған болатын. 2022 жылдың бірінші тоқсанында қысқарту жеті мың адамға әсер етеді. Жобаны іске асыру үшін 16 мыңнан астам адам ТШО есебінен оқытылды. Адами ресурстарға инвестиция салу жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге көмектеседі, деп атап өтті Жұмыспен қамту басқармасы. Ведомство жұмысшыларға әрі қарай жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде береді.
 

Мемлекеттік бағдарламалар бар. Біз оларға он екі мыңға жуық адамды тартуды жоспарлап отырмыз. Мұнай-химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық қызметкерді жұмыспен қамтығымыз келеді", - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны