07.02.2017, 19:05 5234

Тегеранда Қазақстан-Түркменстан - Иран теміржол дәлізініӊ мүмкіндігі талқыланды

Қазақстан- Түркменстан- Иран көлік дәлізін дамыту жөніндегі басқарушы комитет құру "Солтүстік- Оӊтүстік" жаӊа трансқұрлықтық бағдардыӊ барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерініӊ транзиттік әлеуетін күшейтуге қызмет ететін болады.

Астана. 7 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ делегациясы 6-ақпанда Тегерандағы Теміржол әкімшіліктері экономикалық серіктестігі ұйымыныӊ кеӊесіне қатысты,- деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Кеӊесте "ҚТЖ" ҰК" АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов баяндама жасады.

Оныӊ айтуынша, Қазақстан, Түркменстан, Иранды жалғап жатқан жаӊа теміржол желісініӊ Орта Азия мен Таяу Шығыс үшін маӊызы зор екендігін атап өтті. Солтүстік-Оӊтүстік теміржол дәлізі Қытай, Ресей, Азия Тынық мұхиты аймағынан Парсы шығанағы елдеріне жүк ағынын өткізудіӊ еӊ қолайлы жолы болып табылады.

А. Сұлтановтыӊ айтуынша, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жаӊа теміржол желісініӊ жүк ағынын көптеп тарту үшін "Шаттл" жүйесіндегі жүк пойыздарын жасақтады. Ол арқылы осы бағдардағы жүктерді Қазақстан аумағы арқылы жеткізу мерзімі 10-11 күннен 3,5-4 тәулікке дейін төмендетілді. Сонымен қатар жаӊа Жезқазған- Бейнеу теміржол желісі арқылы жүк тасымалын ұйымдастыруға ықпал етті.

А. Сұлтанов Қазақстанныӊ көлік-логистикалық кешенін жаӊғырту, көлік -логистикалық қызметін дамыту, халықаралық көлік дәлізіне ықпалдасуы туралы баяндады.

Қазіргі таӊда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалы, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА -ында орналасқан Орта Азиядағы еӊ ірі Құрғақ порты, Каспий жағалауындағы порттар еліміздегі маӊызды логистикалық орталықтары болып саналады.

"Қазіргі кезде ирандық серіктестерімізбен бірлесіп, Иран аумағында Бендер- Аббас портыныӊ әрі Инчебурун станциясында әлеуетін пайдаланып, терминалдар жасақтауды қолға алдық",-деп атап өтті А. Сұлтанов.

Қазақстан- Түркменстан- Иран көлік дәлізін дамыту жөніндегі басқарушы комитет құру "Солтүстік- Оӊтүстік" жаӊа трансқұрлықтық бағдардыӊ барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерініӊ транзиттік әлеуетін күшейтуге қызмет ететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны