14.12.2018, 18:39 4250

Техникалық реттеу комитеті заӊға қағаз сертификаттары бланкілерінен бас тарту туралы өзгеріс енгізбекші

Комитет жалған өнімдерден нарықтыӊ ашықтығын қамтамасыз ететін және бюрократиядағы бизнес шығындарын алып тастайтын электрондық сертификаттауға көшуге ниеттеніп отыр.

Алматы. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетініӊ төрағасы Арман Шаққалиевтіӊ басшылық етуімен сәйкестікті растау және аккредиттеу процесініӊ сапасын бақылауды арттыру мәселелері бойынша аккредиттеу субъектілерініӊ қатысуымен кеӊес өтті.

Күн тәртібінде үш негізгі блокты реформалау мәселелері қарастырылды, олар: заӊнамалық өзгерістер, электрондық сертификаттауды енгізу және аккредиттеу органымен өзара іс-қимыл жасау.

Реформалаудыӊ алғашқы кезеӊі сәйкестікті растау және тауардыӊ шыққан елін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау Комитеттіӊ нақты байланысын болдырмау және аттестаттау мәселелерін Бірыӊғай тестілеу орталығына жіберу болып табылады. Келесі кезеӊді іске асыру кәсіби ортаға сарапшылардыӊ құзыреттілігін айқындау және мемлекетке оларды бақылау функцияларын қалдыру құқығын және жауапкершілігін бекіте отырып, функцияны өзін-өзі реттейтін салаға берумен қорытындыланады.

Техникалық реттеу және метрология мәселелеріне ортақ көзқарастарды қалыптастыруға белсенді түрде қатысу мүмкіндігін аккредиттеу органдарыныӊ өзі де құптайды.Осылайша, "Сәйкестікті растау жөніндегі органдардыӊ Қазақстандық қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов жеке зертханаларды аккредиттеудіӊ негізділігі туралы күмәнмен бөлісті және ол Комитеттіӊ кәсіби ортаға ашық диалог жүргізу жөніндегі жаӊа беталысын сақтайтынына сенетінін айтты.

Бұдан басқа, Комитет жалған өнімдерден нарықтыӊ ашықтығын қамтамасыз ететін және бюрократиядағы бизнес шығындарын алып тастайтын электрондық сертификаттауға көшуге ниеттеніп отыр.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган нарыққа қатысушыларға өнімніӊ міндетті сертификаттауға жататындығын айқындауға мүмкіндік беретін ақпараттық құралды әзірледі және СЭҚ ТН кодтары бар өнімдердіӊ тізбесін қабылдауға дайын. Қабылданатын шаралар, сондай-ақ бизнесті басқаруды жеӊілдетуге бағытталған. Бұл база ресми тұлғаларға жүгінусіз, әрі қарай кедендік декларациялау үшін құжаттарды алуға мүмкіндік береді.

Кеӊестіӊ қорытындысы бойынша "Сәйкестікті растау жөніндегі органдардыӊ Қазақстандық қауымдастығы" ЗТБ Төрағасы аккредиттеу субъектілерініӊ қалыптастырылатын "Проблемалар картасына" ұсыныстар енгізуге және жедел және ұзақ мерзімді мәселелерді айқындау және зерттеу үшін техникалық реттеу қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізуге ұсыныс жасады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қолы қойған "Стандарттау туралы" Заӊға түсініктеме беру және әрбір техникалық сарапшыға жаӊа енгізілімдерді жеткізу жөніндегі ауқымды жұмыстарды жалғастыру тапсырылды. Комитет 1300 мемлекеттік бағдарламаны қайта құруды және олар бойынша салалық сарапшы-аудиторларды, оныӊ ішінде белгілі бір саланы мамандандыруда (бағдарлауда) үлкен өтілі мен кәсіби тәжірибесі бар, шетелдік мамандарды даярлауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны