02.07.2014, 20:32 4275

Телекөпір барысында ЖЭС іске қосылды

Бүгін Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобаларының тұсаукесеріне арналған телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ерейментаудағы жел электр станциясын іске қосты.

Алматы. 2 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобаларының тұсаукесеріне арналған телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ерейментаудағы жел электр станциясын іске қосты.

Бұл Қазақстандағы алғашқы өнеркәсіптік жел паркі. Оның қуаты -45 МВт, келешекте оны 300-ге жеткізу көзделіп отыр. Бұл 80 мың пәтерді электр энериясымен жабдықтауға жеткілікті. Жобаға отандық және шетелдік компаниялар тартылған.

"EXPO-2017 көрмесін өткізу барысында энергия үлесіне нысандарды қаржыландыру қарастырылған, ол Ерементауда ЖЭС іске қосылуымен түсіндірілді", - деді А. Сәтқалиев.

Жоба парниктік газ қалдықтарын азайтуға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны