02.02.2012, 17:30 3846

TeliaSonera өзінің Kcell-дегі үлесін арттыру бойынша мәміленің бірінші сатысын аяқтады

"TeliaSonera компаниясы өзінің Kcell сауда белгісімен ұялы байланыс нарығында қызмет атқаратын "GSM Қазақстан" ЖШС-дегі үлесін арттыру бойынша мәміленің бірінші сатысын аяқтады. Естеріңізге сала кетсек, TeliaSonera Kcell-дегі 49 пайыз үлесті "Қазақтелеком" АҚ-нан сатып алған болатын", деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Алматы. 2-ақпан. Kazakhstan Today - TeliaSonera компаниясы өзінің Kcell сауда белгісімен ұялы байланыс нарығында қызмет атқаратын "GSM Қазақстан" ЖШС-дегі үлесін арттыру бойынша мәміленің бірінші сатысын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"TeliaSonera компаниясы өзінің Kcell сауда белгісімен ұялы байланыс нарығында қызмет атқаратын "GSM Қазақстан" ЖШС-дегі үлесін арттыру бойынша мәміленің бірінші сатысын аяқтады. Естеріңізге сала кетсек, TeliaSonera Kcell-дегі 49 пайыз үлесті "Қазақтелеком" АҚ-нан сатып алған болатын", деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "реттеуші органдар мәмілені бекіткеннен кейін, TeliaSonera "Қазақтелеком" АҚ-ның Kcell-дегі үлесін 1,519 миллиард АҚШ долларына сатып алды. TeliaSonera сондай-ақ тараптардың белгілі бір шарттарды орындаған жағдайында қор нарығында алғаш орналастыру (IPO) жолымен 25 пайыз минус бір акция көлеміндегі топтаманы сатуға міндеттелді. Акцияларды алғаш орналастыруға дайындық басталды, ол 2012 жылы өткізіледі деп күтілуде. Қор нарығында алғаш орналастырылғаннан кейін акция құнының қалай қалыптасатынына байланысты TeliaSonera, "Қазақтелеком" АҚ пайдасына қосымша төлем жасауы мүмкін".

"GSM Қазақстан" ЖШС-гі мәміленің бірінші сатысы бекітілгеннен кейін Fintur Holdings-ке (үлесі 51%) және TeliaSonera-ға (үлесі 49%) тиесілі болады. Fintur Holdings B.V., өз кезегінде, TeliaSonera (үлесі 58,55%) және Turkcell (41,45%) қарамағында. Мәміленің екі сатысы да аяқталғаннан кейін TeliaSonera-ның Kcell-дегі іс жүзіндегі қатысу үлесі 61,74% құрайды.

Алдыңғы мәлімдемелер 2011 жылдың 21 қыркүйегінде және 22 желтоқсанында таратылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны