18.04.2012, 13:32 3671

Темір банк пен Альянс банктің қосылу мәселесі әлі зерттелуде

Қазіргі таңда Темір банк пен Альянс банктің қосылуын зерттеу құқықтық және қаржылық кеңестерді қажет етеді. Оны "Темір банк" АҚ-ның Басқарма төрағасы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Алматы. 18-сәуір. Kazakhstan Today - Темір банк пен Альянс банктің қосылу мәселесі әлі зерттелуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазіргі таңда Темір банк пен Альянс банктің қосылуын зерттеу құқықтық және қаржылық кеңестерді қажет етеді. Оны "Темір банк" АҚ-ның Басқарма төрағасы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

"Қазіргі таңда ақпарат әзірленуде. Егер акционерлер қолдаса 2009-2010 жылдардағы барлық қиындықты басынан өткерген команда бұл міндетті де орындай алады", - дейді Ержан Шайкенов. Оның айтуынша, негізгі акцинері "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын бұл банктер қосылатын болса оның теріс жағынан оң жақтары басым. Соның бірі шығынды қысқарту. Өйткені қаржы инстиуттарының желісі бірдей. Дегенмен қосылу үрдісі туралы тек зерттеу жұмысы аяқталған соң ғана қозғалатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны