09.12.2008, 13:12 1845

Темір жолмен жүк тасымалының баяулауы Орталық Азия аймағындағы инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді - Қазақстан премьер-министрі

Темір жолмен жүк тасымалының баяулауы Орталық Азия аймағындағы инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін "Стратегиялық серіктестік 1520: Орталық Азия" атты екінші халықаралық аймақтық темір жол бизнес-форумында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Темір жолмен жүк тасымалының баяулауы Орталық Азия аймағындағы инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін "Стратегиялық серіктестік 1520: Орталық Азия" атты екінші халықаралық аймақтық темір жол бизнес-форумында Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Таяу уақыттарда біз аумағымыз арқылы өтетін жүк айналымының баяулауына куә боламыз. Бұл бір жағынан - проблема болса, екінші жағынан - елдердің темір жол қызметтеріне инфрақұрылымды дамытуға және біздің өңірде инфрақұрылымды дамытуға қосымша қаржы жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан бізге экономикалцқ өсім қайта басталғанда болашақ мүмкіндіктерді берсе, екінші жағынан инфрақұрылымға инвестиция жұмсаудың өзі экономиканың дамуын ынталандырады",- деді Кәрім Мәсімов.

Ол сонымен бірге, "Қазақстанда темір жолмен жүк тасымалына жүк айналымының 70% және жолаушылар тасымалының 60% тиесілі екенін, Қазақстан мен басқа да елдер үшін бүгінгі күні де, болашақта да темір жол басты транпорт түрлерінің бірі болып табылады",- деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны