21.10.2011, 15:03 4802

Темірбанкі мен "ҚазЭкспортГарант" бірқатар келісім шарттарға қол қойды

Бүгін Алматыда "Темiрбанк" АҚ "ҚазЭкспортГарант" Экпорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы" АҚ аккредитивтерін сақтандыру, сонымен қатар, кепілдіктерді сақтандыру мен шартты банктік салымдар туралы келісімдерге қол қойды.

Алматы. 21-қазан. Kazakhstan Today - Темірбанкі мен "ҚазЭкспортГарант" бірқатар келісім шарттарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Алматыда "Темiрбанк" АҚ "ҚазЭкспортГарант" Экпорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы" АҚ аккредитивтерін сақтандыру, сонымен қатар, кепілдіктерді сақтандыру мен шартты банктік салымдар туралы келісімдерге қол қойды.

Бұл келісімдердің мақсаты - шетелдік банктердің шығарған аккредитивтері мен кепілдіктерді сақтандыру, сондай-ақ шикізаттық емес өнімдерді өндіруші қазақстандық кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы аясында қаржыландыру болып табылады.

"ҚазЭкспортГарант" СК" АҚ корпорациясы 2010 жылы аталған бағдарламаны 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында дайындады. Оның басты мақсаттарының бірі - жеңілдікті шарттар негізінде сауданы қаржыландыру жолымен шетелдік сатып алушылар тарапынан қазақстандық өнімге сұраныс тудыру болып табылады. Бұл бағдарлама аясында "ҚазЭкспортГарант" СК" АҚ сауданы қаржыландыру үшін Темірбанкте шартты салымдар салу жолымен іске асырылып отырған экспорттық тапсырыстар бойынша қаржы бөлетін болады.

Бұдан басқа, осы бағдарлама аясындағы қаржыландыру сатып алушылар міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін "ҚазЭкспортГарант" СК" АҚ шетелдік банктердің шикізаттық емес өнім өндіретін экспорттаушы кәсіпорындар пайдасына шығарған құжаттамалық аккредитивтері бойынша коммерциялық және саяси тәуекелдерден сақтандырады. Бұл ретте қазақстандық экспорттаушы компания тауардың жөнелтілгенін растайтын құжаттар қолына тигеннен кейін төлемін алса, сатып алушының тауарды алғаннан кейін есеп айырысуына мүмкіндігі болады.

Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін шикізаттық емес өнім өндіретін экспорттаушы кәсіпорындар "Темірбанк" АҚ немесе "ҚазЭкспортГарант" СК" АҚ-ның қаржы институты басқармасына хабарласа алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны