10.05.2012, 12:27 8220

Теміртау қаласындағы шпал өндірісі қарқынды дамып келеді

Теміртаудағы "NORD пром НС" кәсіпорнында жоғары жылдамдықты темір жолдарға арналған бетон шпалдарын шығаратын Қазақстандағы алғашқы инновациялық өндіріс сәтті дамып келеді.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - Теміртау қаласындағы шпал өндірісі қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Теміртаудағы "NORD пром НС" кәсіпорнында жоғары жылдамдықты темір жолдарға арналған бетон шпалдарын шығаратын Қазақстандағы алғашқы инновациялық өндіріс сәтті дамып келеді.

ҮИИД бағдарламасына енгізілген зауыт жылына 270 мыңнан 350 мыңға дейін шпал шығара алады. Темір бетонды шпал ені 1520 мм темір жолдарға арналып жасалады. Зауыт шпалдары екі түрде және Италияның "PLAN S.r.l." фирмасының озық құрылғысында жасалады, сондай-ақ сапасы да өте жоғары (сағатына 200 шақырым жылдамдыққа және салмағы 25 тонна жүкке шыдамды).

Бұл - темір бетон өнімдерін, әртүрлі мақсаттағы нысан құрылыстарына арналған бетон қоспаларын шығаратын заманауи кәсіпорын. Кәсіпорын өнімнің 200-ге жуық түрін ұсына алады.

Зауыттың негізгі өнімі құрылыс жүргізудің бұрыннан келе жатқан әдістерімен қатар, қазіргі жаңа тәсілдеріне де қолдануға болатын темір бетонды жабын плиталар болып табылады. Тұтынушыларға ұсынылатын бұл өнім "Тенсиленд" желісінде озық технология бойынша жасалып шығады. Желі плитаны кез келген көлемде кесіп беретін (9 метрге дейін) кескіш машинамен жабдықталған. Кәсіпорын сондай-ақ діңгек, фундаметалды блоктар, жаяужол төсеуге арналған плиталар, тауарлық бетон шығара алады. "NORD Пром НС" ЖШС тапсырыс берушіге құрылыс материалдарын жеткізіп беретін автокөлік техникасымен жабдықталған. Зауытта темір бетон өнімдерін кранның көмегімен вагондарға тиеуге арналған жеке темір жолдары және барлық өнімнің Қазақстан Республикасының Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан берілген тиісті сертификаты бар. 2010 жылы сапа менеджменті жүйесін халықаралық стандарттарға сай сертификаттау аяқталды.

Кәсіпорынға қаржылай көмек көрсетіліп, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" мен "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" сияқты 1 және 3 бағыттары бойынша екінші деңгейлі банк несиелерінің сыйақы мөлшерлемелері субсидияландырылды.

Құны 1 млрд. теңгеден асатын жобаны жүзеге асыру барысында жаңа технологиялық желі іске қосылды. Нәтижесінде кәсіпорын қуаттылығы жылына 270 мыңнан 350 мың шпалға дейін ұлғайған.

Мұнымен қоса, "БЖК-2020" бағдарламасы кәсіпорынға өндірілетін өнім көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны