06.05.2009, 13:39 3536

Теміртауда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,4 млрд жуық теңге бөлінді

Теміртауда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,4 млрд жуық теңге бөлінді

Қарағанды. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млрд 373,7 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 млрд 246 млн теңге әлеуметтік нысандарды жөндеу мен жылылауға бағытталады. Автокөлік жолдарын қайта салу мен ағымдағы жөндеуге 127,3 млн теңге бөлінеді.

"Илеуметтік нысандардың арасында 13 білім беру мекемесі, 6 мәдениет мекемесі, 3 спорттық нысан, 2 аурухана мен Тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы бар. Сондай-ақ, 27 шақырымдық Теміртау - Чкалово - Березняки және Теміртау - Гагаринское жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, Теміртауда барлығы 27 нысан жөнделеді, соның арқасында 2858 тұрғын жұмыспен қамтылады. Атап айтсақ, 1 маусымнан бастап Орталық қалалық аурухана жөнделеді. Оны жөндеуге 206 млн теңге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны