14.05.2012, 14:25 3845

Теміртауда моноқалаларды дамыту мәселелері талқылануда

Елбасының "Илеуметтік-экономикалық даму - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен жүктелген тапсырмаға сәйкес, ҚР Үкіметі моноқалаларды дамыту бағдарламасының жобасын жасады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бұған дейін Үкімет отырысында өңірлердің пікірлерін білу үшін, бағдарлама жобасын облыстардың талқысына шығару туралы тапсырма берген еді.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Теміртауда Үкімет басшысының бірінші орынбасары Серік Ахметовтің төрағалығымен Моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған көшпелі семинар-кеңес өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасының "Илеуметтік-экономикалық даму - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауымен жүктелген тапсырмаға сәйкес, ҚР Үкіметі моноқалаларды дамыту бағдарламасының жобасын жасады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бұған дейін Үкімет отырысында өңірлердің пікірлерін білу үшін, бағдарлама жобасын облыстардың талқысына шығару туралы тапсырма берген еді.

Экономика министрі Б.Сағынтаев бүгін Теміртауда өтіп жатқан кеңесте бағдарлама жобасында көрсетілген моноқалалардың проблемаларын шешудің негізгі жолдарымен таныстырды.

Бағдарлама аясында жалпы тұрғындарының саны 1,5 млн. адамды құрайтын (еліміздегі жалпы халық санының 16 пайызы) 27 моноқала іріктеліп отыр. Атап айтқанда, монобейінді қалаларға өнеркәсіптік өндірісі мен еңбекке жарамды тұрғындарының негізгі бөлігі (20 пайыздан астамы) бір бейіндегі және бір шикізаттық бағыттағы қала құрушы кәсіпорындарда шоғырланған қалаларды, сондай-ақ қала құрушы кәсіпорындары жұмыссыз тұрған немесе жартылай жұмыс істеп отырған қалаларды жатқызу туралы ұсыныс жасалып отыр.

"Моноқалалардың проблемаларын шешу үшін бірқатар міндеттер белгіленіп отыр. Біріншіден, жұмыс істейтін кәсіпорынның өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру. Екіншіден, экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту", - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев өз сөзінде.

Атап айтқанда, моноқалаларда ірі инвестициялық жобалар іске асырылады және қала құрушы кәсіпорындардың қосалқы және оларға қызмет көрсететін кәсіпорындары құрылады. Оған қоса, ұлттық компанияларға моноқалаларға өндірістер мен тапсырыстар орналастыру, жекелеген моноқалаларға стратегиялық инвестициялар тарту туралы ұсыныстар жасалып отыр.

Айта кету керек, бағдарлама аясында шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі бірқатар шаралар қарастырылып отыр. Атап айтқанда, төмен және орташа әлеуетті моноқалалар үшін салалық шектеусіз несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың көлемін 7 пайыздан 10 пайызға дейін ұлғайту; жаңа өндірістер ашуға 1,5 млн-нан 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде гранттар беру.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, еңбек күштерінің жинақылығын арттыру арқылы өсу нүктелеріне еңбек әлеуеттерін орналастыру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды қолдау міндеттері де қарастырылып отыр.

Бағдарламаның 2015 жылға дейін жоспарланған бірінші кезеңі экономикалық әлеуеттері төмен моноқалалардың өнеркәсіптік өндірісінің көлемін 20 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді және моноқалалардағы жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың саны 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғаятын болады. Сондай-ақ табысы күнкөріс минимумынан төмен халықтың үлесі - 6 пайызға дейін, жұмыссыздық деңгейі - 5,5 пайызға дейін төмендетіледі.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары С.Ахметов өз сөзінде "Елбасы осы мәселеге айрықша назар аударып отыр және ол Үкімет пен әкімдерге нақты тапсырмалар берді", - деді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны