11.08.2018, 20:26 6777

Теміржолшылар жыл аяғына дейін 106,5 млн. тонна көмір тасымалдамақ

Мұқтар Жамбыловтыӊ хабарлауынша, жыл аяғына дейін 106,5 миллион тонна көмір тасымалданбақ. Оныӊ 71,9 миллион тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары көрсеткіш.

Астана. 11 тамыз. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да ірі көмір кендері өкілдерініӊ қатысуымен жылу беру маусымында көмірді тоқтаусыз тасымалдау туралы кеӊес өткізілді. Онда биылғы жеті айда "ҚТЖ" ҰК" АҚ желілерінде 56 миллион тонна жүк тиелді. Оныӊ 4,5 миллион тоннасы коммунальдық -тұрмыстық мақсатқа бағытталған. Ол өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 10% жоғары көрсеткіш.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директорыныӊ міндетін атқарушы Мұқтар Жамбыловтыӊ хабарлауынша, жыл аяғына дейін 106,5 миллион тонна көмір тасымалданбақ. Оныӊ 71,9 миллион тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары көрсеткіш.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бастамашылығымен осындай кеӊестер өӊірлерде жергілікті атқарушы органдар, көмір кендері және басқа да мүдделі тараптардыӊ қатысуымен тұрақты негізде өткізіліп келеді. Ол кездесулерде көмір жеткізу кестесі мен жоспарын 4-ші тоқсаннан біркелкі етіп 2-3-ші тоқсанға бөлу көзделеді.

"Өткен жылы осындай ұйымдастыру жұмыстары жылу беру кәсіпорындарындағынормативтік қорды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік әперді",-дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директорыныӊ міндетін атқарушы Қайрат Сәуірбаев.

Қ. Сәуірбаевтыӊ хабарлауынша, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарыныӊ әкімдіктерінде күзгі маусымда жеткізілетін көмір жазғы маусымға қайта бөлініп, тамыз айыныӊ аяғына дейін Жылу орталықтарыныӊ нормативтік қорын сақтаудыӊ жолы қарастырылды.

Кеӊесте тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз ету және оларға тиесілі жылжымалы құрам тапшылығын жою, вагондардыӊ кіре беріс жолдарда тұрып қалуын болдырмау, көршілес мемлекеттерден келген вагондардыӊ дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету туралы мәселелер қаралды.

Биылғы жеті айда көмір кендерініӊ кіре берістерінде вагон айналымыныӊ орташа нормасы 11,7 сағат болса, іс жүзінде 24,2 сағатқа созылды. Осылайша, жыл басынан бері вагон айналымы нормасы орындалмауы салдарынан 70 мыӊнан астам вагонжүк тиеу ресурсы жоғалғандығы айтылды.

"Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын көтеру үшін барлық өзекті жайларды жедел түрде ашық талқылауға мүдделі",-дейді Қ. Сәуірбаев.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны