01.10.2007, 18:15 3171

Теміржолшылардың астық экспортерларын вагнодармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері бар

Теміржолшылардың астық экспортерларын вагнодармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері бар

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігінің пайымдауынша, теміржолшылардың астық экспортерларының вагнодарға деген мұқтаждығын қанағаттандыру мүмкіндігі бар, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Вице-министрдің ақпараттарына сүйенсек, "Қазақстан темір жолы" инвентарлық паркін бүгінде 5200 астық тасымалдау вагоны құрайды". "Қазанда жүк жөнелтушілердің тапсырысы бойынша бізге 9 - 9,5 жуық астық тасымалдау вагоны қажет. Біз ТМД елдерінің темір жол әкімшілігімен жұмыс істедік, атап айтқанда, Қазақстан темір жолының президенті Жақсылық Күлекеев Украина мен Өзбекстанға барып, онда біз 4 мың астық тасымалдаушы көлемінде көмек туралы келісім жасауға қол жеткіздік",- деп түсіндірді Ж. Қасымбек.

"Біз жылына 8 млн тонна (астық) артамыз",- деді көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек, үкіметтің дүйсенбіде өткен селекторлық кеңесінде премьер-министр Кәрім Мәсімовтың қойған сұрағына жауап бере отырып.

"Бірінші құрам келіп те қойды, қазан айында бізде қажетті астық тасымалдаушы вагондар жеткілікті болады, және де ай сайын 1 млн тоннаға дейін астық арттыра аламыз",- деп қосты ол.

Қазақстан теміржолының президенті Жақсылық Күлекеев өз кезегінде, "Компания қазірде Украинадан 3 мың астық тасымалдаушыны күтіп отыр, ал қарашаның ортасында Ресейден 2 мыңға жуық астық тасымалдағыш аламыз", деп қосты.

"Жалпы, менің пайымдауымша, біздің барлық астық өнімін (экспортқа - агенттік ескертп) шығаратын мүмкіндігіміз бар, экспортерлардың жыл сайынғы 8 -9 тонна тасымалдау мұқтаждығын қанағаттандыра аламыз",- деді Ж. Күлекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны