19.02.2014, 19:27 3076

Теңге бағамының өзгеруі СҚО-ын тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға әсер етпейді

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда өңірлік дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығында солтүстік қазақстандықтар дәрі-дәрмек жайлы тегін ақпарат алып және өз құқықтарымен танысып қана қоймай, валюталық нарықтағы өзгерістердің дәрі-дәрмек бағасына әсерінің бар-жоғы жайлы мәліметке қол жеткізе алады.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Ұлттық валюта бағамының өзгеруі Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміндегі дәрі-дәрмекпен қамтуға кесірін тигізбейді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда өңірлік дәрі-дәрмек ақпараттық-сараптамалық орталығында солтүстік қазақстандықтар дәрі-дәрмек жайлы тегін ақпарат алып және өз құқықтарымен танысып қана қоймай, валюталық нарықтағы өзгерістердің дәрі-дәрмек бағасына әсерінің бар-жоғы жайлы мәліметке қол жеткізе алады.

Медициналық және фармацевтикалық қызметтерді бақылау комитетінің мәліметінше, бөлшек саудадағы күнделікті қолданатын негізгі дәрі-дәрмек түрінің бағасының күрт өсіп кетпеуі үшін республиканың ірі дәріхана ұйымдарымен өзара меморандум құрмақшы.

Соңғы екі жылда дәрі-дәрмек бағасы мүлде көтерілмеген. Тіпті жекелеген жерлерде де бір баға сақталып тұрған. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, дәрі-дәрмек бағасын ұстап тұру үшін отандық фармацевтикалық индустрия көмек береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны