21.06.2012, 11:00 1469

Теңге нарығындағы ахуал тұрақты

Сәуір айында теңге 0,2 пайызға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты. "Наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақты күйінде қалды. Теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 АҚШ доллары үшін 145,55-145,07 теңге диапазонында өзгерді. Теңге бағамы шамалы ғана нығайып, биржалық бағам айдың аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145,70 теңгені құрады", - дейді Г.Марченко.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Теңге нарығындағы ахуал тұрақты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәуір айында теңге 0,2 пайызға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақты күйінде қалды. Теңгенің АҚШ долларына бағамы 1 АҚШ доллары үшін 145,55-145,07 теңге диапазонында өзгерді. Теңге бағамы шамалы ғана нығайып, биржалық бағам айдың аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145,70 теңгені құрады", - дейді Г.Марченко.

Оның айтуынша, көктемнің алғашқы айына Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді ескере отырып, ақпанмен салыстырғанда 0,4 пайызға төмендеп, 7,1 млрд. долларды құрады. Бас банкирдің сөзіне қарағанда, ұлттық банктің ішкі валюта нарығында шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялары ақша ұсынысының өсуіне әкеп соқпайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны