14.08.2013, 12:16 5782

Теңгеге сұраныс артуда

Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, теңгеге деген қажеттіліктің артуы алдағы салық төлеу аптасына байланысты. Еліміздегі түрлі мекемелер салық төлеу үшін банктердегі есеп шоттарынан төл валютада ақшаларын шешіп алуда. Банктер өз кезегінде бір-бірімен теңгенің өтімділігі үшін бәсекелесуде. Осыған орай теңгенің құны мен өтімділігі артып отыр.

Алматы. 14-тамыз. Kazakhstan Today - Төл төңгемізге сұраныс артып келеді. Бұл туралы ақпаратты Halyk Finance таратты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Halyk Finance сарапшыларының айтуынша, теңгеге деген қажеттіліктің артуы алдағы салық төлеу аптасына байланысты. Еліміздегі түрлі мекемелер салық төлеу үшін банктердегі есеп шоттарынан төл валютада ақшаларын шешіп алуда. Банктер өз кезегінде бір-бірімен теңгенің өтімділігі үшін бәсекелесуде. Осыған орай теңгенің құны мен өтімділігі артып отыр.

Мұндай жағдай ай соңына дейін жалғасады. Соңғы екі аптада бір доллар үшін теңге 152,0-152,5 теңге бағамында тұрақтайды, дейді сарапшылар.

Halyk Finance-тың хабарлауынша тамыз айының 5-9 аралығында теңге долларға қарағанда 0,57% қымбаттаған. Өткен аптада Ұлттық банк теңге сұранысын арнайы тексерген болатын. Бас банк дүйсенбі күні 170 млн. долларды сатып, апта соңында 120 млн. долларды қайта сатып алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны