04.02.2009, 17:56 2870

Теңгенің девальвациясы отандық өнім өндірушілерді дамытуға көмектеседі - Кәрім Мәсімов

Теңгенің девальвациясы отандық өнім өндірушілерді дамытуға көмектеседі - Кәрім Мәсімов

Астана. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, теңгенің девальвациясы отандық өнім өндірушілерді дамытуға көмектеседі. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстандық өнім өндірушілер теңгенің арзандауына байланысты импортпен салыстырғанда артықшылыққа ие болды. Олар объективті түрде барлығы да тендерлерде жеңуге тиіс, біздің өнім бүгіннен бастап бәсекелестік қабілетке ие болады", - деді премьер-министр.

Осы орайда Кәрім Мәсімов вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке тауар айналымындағы Қазақстандық өнім мәселесіне бақфлау қоюды тапсырды.

"Қазақстандық өнімнің сатылу мәселесін қадағалау - сізге жүктелетін тапсырма, сонымен бірге облыс әкімдері үшін басты мәселе - жұмыссыздыққа жол бермеу", -деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны