15.12.2011, 09:55 3999

The Rompetrol Group Венгрия мен Болгариядағы ұңғымаларға қызмет көрсетуді бастады

"The Rompetrol Group өзінің еншілес Rompetrol Well Services (RWS) компаниясы арқылы Венгрия мен Болгарияның нарығына шықты. Бұл елдерде компания құны 800 мың АҚШ долларынан асып жығылатын келісім шарт негізінде скважиналарғы қызмет көрсетеді",- деп айтылған таратылған хабарламада.

Астана. 15-желтоқсан. Kazakhstan Today - The Rompetrol Group ("ҚазМұнайГаз" ҰК 100 % еншілес компаниясы) Венгрия мен Болгариядағы ұңғымаларға қызмет көрсетуді бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"The Rompetrol Group өзінің еншілес Rompetrol Well Services (RWS) компаниясы арқылы Венгрия мен Болгарияның нарығына шықты. Бұл елдерде компания құны 800 мың АҚШ долларынан асып жығылатын келісім шарт негізінде скважиналарғы қызмет көрсетеді",- деп айтылған таратылған хабарламада.

Қара теңіз өңірін дамыту әлеуеті Болгарияның солтүстік - батыс бөлігінде табиғи газдың дәлелденген қорларын, Украинаның шығыс бөлігінде, тіпті Венгрияның шығыс бөлігінде көмірсутектерінің ресурстарын, сондай-ақ энергияның балама көзі ретінде геотермалдық су пайдаланудың жоғары әлеуетін көрсетеді.

Rompetrol Well Services орташа мерзімді жоспар ұсынылатын қызметтер түрлерін кеңейтуді қарастырады және осы қалып алынған бай тәжірибеге негізделеді және Румыния аумағында компаниялардың операциялық базалар желісімен, сондай-ақ ең аз шығындармен көршілес елдерде күштер, жабдықтар мен қызметкерлерді жылдам ұтқырландыру қасиеттерінен демеу алады, - деді Rompetrol Well Services Бас директоры Адриан Стэнеску.

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап компания румыния мен Қазақстанда жобаларды іске асыру барысында жинақталған геотермалдық ұңғымаларда өзінің жұмыс тәжірибесін пайдаланып, Венгрияда Мишколок (Miskolocs) және Мако (Mako) тұрғылықты тармақтарының жанында екі геотермалдық ұңғымалар бекіту мен цементтеуді бастады.

Болгарияда Плевен қаласының жанында RWS тым терең ұңғымада (3 000 метр) жұмыс істейді. Осы жобада Румыния мамандары да қатысады.

2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте Rompetrol Well Services (RWS) компаниясы өзінің жиынтық табысын 17% ұлғайтты. 2010 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда, табыстар 19,4 млн. АҚШ долл-нан 22,7 млн. АҚШ долл-на дейін ұлғаяды. Көрсетілген кезең ішінде таза табыс шамамен 3,4 млн. АҚШ долл. құрады. Ағымдағы жыл ішінде компания жоспары жалпы табыс деңгейінде 30 млн. АҚШ долл-на жетуді көздейді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 13% артық. Биылғы жылы RWS инвестициялық бағдарламасы бойынша 4 млн. АҚШ долл. игерілді.

Rompetrol Well Services компаниясы 1951 жылы құрылды. Қазіргі уақытта қызметкерлер саны Румынияда 330 қызметкерді және Қазақстанда еншілес компаниясында 18 адамды құрайды. Компания жұмыстарының портфелі Ирак, Иордания, Греция және Түркия елдерін құрайды. 2000 жылы компания The Rompetrol Group құрамына кіреді, оған акциялардың 71,73% мажоритарлық пакеті тиесілі.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акцияларының 100%-і "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-қа тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны