05.05.2017, 18:02 9916

Тимур Құлыбаев: Шағын және орта бизнестіӊ салық аударымдары бизнестіӊ өзін дамытуға жұмсалу керек

Талдықорғанда Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтыӊ қатысуымен Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы өтті.

Талдықорған. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Талдықорғанда Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтыӊ қатысуымен Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысы өтті.

Ұлттық палатаныӊ басшысы әкімдік пен бизнес-қоғамдастықтыӊ назарын отандық тауар өндірушілерді қолдауға аударды.

"Атамекен" отандық тауар өндірушілерге барынша қолдау көрсетеді. Мемлекет басшысы экономиканыӊ шикізаттық емес секторын дамыту тапсырмасын берді, әрине, бұл үдеріс отандық тауар өндірушілер арқылы жүргізіледі. Кез келген инвестор нысан ашқан кезде, отандық өндірушіге айналады. Осылайша жұмыспен қамту мәселесі шешіледі және салық аударымы ұлғаяды", - деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасыныӊ айтуынша, жергілікті атқарушы органдар сатып алуларды жүзеге асырып жатқанда өӊірлік өндірушілерге басымдық таныту керек.

Тимур Құлыбаев отандық кәсіпкерді қолдау туралы айта отырып, Текелі қаласында салынған автожолды мысалға келтірді. Бұл жол 7 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген, сапасы жағынан шет елдіӊ танымал компанияларынан кем түспейді. Төралқа Төрағасыныӊ айтуынша, осы жұмыс отандық өндірушілерге сенім білдіруге болатынын көрсетеді.

"Өӊірлік палата отандық тауар өндірушілердіӊ тізімін дайындауы қажет, ол әкімдіктерде болуы керек. Осылайша тапсырыс жасағанда өӊірлік және жергілікті өндірушілерді назарға алу қажет", - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасы, сонымен қатар, "Атамекен" шағын және орта бизнестіӊ салық аударымдары өз өӊірінде қалсын деген ұсыныс білдіргенін атап өтті. Бұл жергілікті атқарушы органдардыӊ өӊірдегі шағын және орта бизнесті дамытудағы қызығушылығын арттырады.

"Икімдіктер мен мәслихаттар осы жерде салық салынатын негізді құру үшін кәсіпкерлердіӊ мәселесімен айналысады. Жалпы "Атамекен" бизнес пен жергілікті атқарушы орган арасындағы байланысты қамтамасыз етеді", - деді Тимур Құлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны